Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4401 8 пікір 18 Маусым, 2019 сағат 11:41

Халық несиені кәсіпкерлік үшін алған жоқ

Қ.Тоқаев халықтың неліктен көшеге шыққанын зерттеуіміз қажет депті..

Оның зерттейтін несі бар?

Маслоудың қажеттілік пирамидасын еске түсірсек болғаны...

Осыдан бірнеше ай бұрын Ермұрат Бапи өз лентасында "Елімізде 6 миллионнан астам халық банктерге 6 триллион теңге қарыз екен. Бұл Қазақстандағы еңбекке жарамды халықтың 4/3 бөлігі" деп жазып еді..

Осыншама адамның бәрі несиені кәсіпкерлікті дамыту үшін алған жоқ. Баспана, тамақ, қала берді киім-кешек...

Киім-кешек болғанда, арасында бірен-саран бұлғын тон алу үшін несие алатындары бар шығар..
Жыл сайын тамыз айында балаларын мектепке дайындау үшін 200-300 мың теңге шағын несие алатындарды білемін..

Тап осы тұстан бастап зерттесеңіз, жағдай ап-айқын болады да шығады...

Қарны тойынған (алғашқы қажеттіліктері өтелген) адамға бостандық (сөз бостандығы, бейбіт шерулер өткізу бостандығы) қажет бола бастайды...

Құрылады деген Ұлттық Кеңес құрыла қалса, осының бәрі назарда болуы тиіс...

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5624