Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
Көршінің көлеңкесі 7479 14 пікір 18 Маусым, 2019 сағат 13:39

Қытайдан тағы несие алмақпыз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан жеңілдетілген несие алу туралы  келісімді мақұлдады. Енді Қазақстан Қытайға 20 жыл несие төлейтін болады.

Бұл құжатқа алғаш Бейжіңде өткен кездесу барысында  экс-президент Н.Назарбаев  қол қойған. 2018 жылдың 7-маусым күні өткен кездесуде қос тарап  сауда-саттық, инвестиция мен индустрализация, ауыл шаруашылығы мен көлік-транзиті секілді салаларды талқылаған.

Айта кетейік, негіздемелік келісімге сәйкес, Қазақстан Қытайдан 2 млрд юань, яғни, 112,6 млрд. теңге  мөлшерінде жеңілдетілген несие алады.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, несие теңгемен берілуі тиіс. Бірақ юаньмен есептеліп, 20 жылға 2% үстемемен беріледі.

-Біз алғашқы бес жылда тек пайыздық мөлшерлемені төлейміз. Ал, қарыздың негізгі сомасын  алтыншы жылдан бастап, соңғы 20 жылға дейін өтейтін боламыз, - деді қаржы министрі.

Еске сала кетейік, бұл қарыз ЕЭО-ның сыртқы шекарасындағы қазақстандық учаскеде өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында алынған.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2205
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3861