Жоғары білім қанша тұрады?
«Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, қазақстандықтарға жоғары білімнің қаншалықты қолжетімді екендігін анықтады.
Жыл сайын ондаған мың жоғары сынып оқушылары күрделі таңдау алдында тұрады: жоғары білім алу немесе жұмыс істеу. 2017 жылы елдегі жоғары біліммен жалпы қамту деңгейі 54%-ды құрады. Яғни осы мөлшердегі 18-22 жас аралығындағы адамдар жоғары оқу орындарында оқиды.
Қазақстандық жастардың неге оқуға бармауының ықтимал себептерінің бірі – жоғары оқу орындарында білім алудың жоғары құны. ҚР Статистика комитеті 2018 жылы жүргізген сауалнаманың мәліметтері бойынша, қазақстандықтардың 12,6%-ы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтеріне қанағаттанбаған, ал 45,9%-ы жартылай қанағаттанған. Респонденттердің тек 23,7%-ы оқу ақысымен толық қанағаттанады. Сауалнама нәтижелері көп жағдайда респонденттердің санына байланысты болатынын айта кету керек: ол неғұрлым төмен болса, соғұрлым оқу құнына деген шағымдар көп болады.
Бірақ студенттердің ақылы бөлімге түсуге мүмкіндігі бар болса да, олар соңына дейін оқуын аяқтап, диплом ала алмайды деген ықтималдылық та болуы мүмкін. Тек 2018 жылы қазақстандық ЖОО-да 52 мыңға жуық адам оқуын тастап кеткен. Бұл студенттердің жалпы санынан 9,5%. Студенттердің оқуын тастап кетуінің себептері: үлгермеушілік, тәртіпті бұзу, әскер, денсаулық жағдайы немесе өз еркімен оқудан шығару
Бірақ ең көп таралған себеп – қаржылық қиындықтар. Ақша проблемасына байланысты тек өткен жылы 13 мыңға жуық адам оқуын аяқтай алмады. Бұл ЖОО-ны тастап кеткен барлық студенттердің 25%.
Көбінесе, қаржылық қиындықтарға байланысты Жамбыл облысында 1 174 адам немесе студенттер санының 53,2%-ы оқуын аяқтай алмаған. Бұл Қазақстанның барлық аймақтары мен қалаларының арасындағы рекордтық көрсеткіш.
Екінші орында Ақтөбе облысы – 626 адам және 37,6%. Үшінші орында Қарағанды облысы – 1 515 адам және 36,4%, төртінші орында Шымкент – 3 784 студент және 32,8%. Рейтингтің алғашқы бестігін Атырау облысы – 357 адам және 28,3%-ды құрайды.
Қаржылық қиындықтарға байланысты сирек түрде Маңғыстау облысының студенттері – 65 адам және 4,6%, Павлодар облысының студенттері – 132 адам және 5,8% және Қызылорда облысының студенттері – 20 адам және 10,1% оқуды тастайды.
Оқуды тастап кеткендердің басым бөлігі күндізгі оқу бөліміндегілер: олар 73%, ал сырттай оқу бөліміндегілер 17,8% пайыз.
Қанша студент оқуды тастап кетті
№ | Аудандар | Студенттердің барлығы | Кеткен студенттер саны | Қаржылық қиындықтарға байланысты кеткен студенттер саны | Барлық кеткен студенттер санынан қаржылық қиындықтарға байланысты кеткен студенттердің пайызы |
1 | Жамбыл облысы | 22 665 | 2 206 | 1 174 | 53,2% |
2 | Ақтөбе облысы | 24 459 | 1 664 | 626 | 37,6% |
3 | Қарағанды облысы | 44 549 | 4 161 | 1 515 | 36,4% |
4 | Шымкент | 84 813 | 11 526 | 3 784 | 32,8% |
5 | Атырау облысы | 13 186 | 1 261 | 357 | 28,3% |
6 | Ақмола облысы | 10 166 | 725 | 182 | 25,1% |
7 | Астана | 54 419 | 3 923 | 979 | 25,0% |
8 | Түркістан облысы | 9 673 | 710 | 168 | 23,7% |
9 | БҚО | 30 663 | 3 215 | 747 | 23,2% |
10 | Алматы облысы | 10 410 | 807 | 158 | 19,6% |
11 | Алматы | 143 860 | 12 882 | 2 386 | 18,5% |
12 | Қостанай облысы | 21 169 | 1 956 | 221 | 11,3% |
13 | СҚО | 7 530 | 276 | 31 | 11,2% |
14 | ШҚО | 32 129 | 2 577 | 278 | 10,8% |
15 | Қызылорда облысы | 10 660 | 199 | 20 | 10,1% |
16 | Павлодар облысы | 15 892 | 2 288 | 132 | 5,8% |
17 | Маңғыстау облысы | 6 215 | 1 403 | 65 | 4,6% |
Барлығы | 542 458 | 51 779 | 12 823 | 24,8% |
ҚР Статистика комитетінің мәліметтері бойынша
Freedom Finance Life рәсімдеді
Жоғары білім қанша тұрады?
«Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясының мамандары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстандағы бакалавриат құны жылына 150 000 теңгеден 2 157 000 теңгеге дейін өзгереді. Бір оқу жылының орташа құны – 396 307 теңге. Төрт жыл оқу 1 585 228 теңгеге шығады.
Бұл ақшаны жинау үшін орташа жалақысы бар қазақстандыққа 9,5 ай қажет болады. Бұл ретте оған басқа шығындарға жұмсамай, барлық жалақыны кейінге қалдыруға тура келеді. Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу құны жыл сайын орта есеппен 10%-ға қымбаттайтынын ескере отырып, міндет оңай еместігі байқалады. Яғни, егер сіздің балаңыз мектепті тек 5 жылдан кейін аяқтаса, бакалавриаттың төрт жылының құны 1 585 228 теңге емес, 2 553 026 теңге тұратын болады.
Сол себепті 2017 жылдың мәліметтері бойынша жұмысқа қабілетті халықтың тек 36%-да жоғары білім туралы дипломы болған. Демек бұл жыл сайын қазақстандық ЖОО-да бірнеше жүз мың адам білім алып жатса да жағдайымыз мәз емес деген сөз. Мысалы, биыл Қазақстанда 542 мың студент болды. Бұл бір жыл бұрын болған студенттердің санынан 9,3%-ға артық.
Неге алдын ала ақшаны жинау керек?
Балаларға жақсы жоғары білім беруді қамтамасыз ету үшін қазақстандық ата-аналарға ақша алу немесе табыстың көп бөлігін кейінге қалдыру әрекеттері міндетті емес. Қаржы жоспарын жасап, бала мектепті аяқтағанға дейін 5-10 жыл бұрын ақша жинаған дұрыс.
Мысалы, егер бала мектепті 5 жылдан кейін аяқтаса, бакалавриаттың төрт жылдық орташа құны шамамен миллион теңгеге қымбаттайды. Қажетті соманы (немесе шамамен сол соманы) жинақтау үшін ай сайын 35 000 теңгеден ақша жинай беру керек.
Уақыты | Жыл сайын ол 10%-ға қымбаттайтынын ескере отырып, оқу құны | Қанша жинақталады |
Қазір | 1 585 228 | 420 000 |
Бір жылдан кейін | 1 743 751 | 840 000 |
2 жылдан кейін | 1 918 126 | 1 260 000 |
3 жылдан кейін | 2 109 938 | 1 680 000 |
4 жылдан кейін | 2 320 932 | 2 100 000 |
5 жылдан кейін | 2 553 026 | 2 520 000 |
Болжалды есептер
Орындалды: Freedom Finance Life
Есеп айырысулар шамалас түрде және қаржы құралдарының кірістілігін есепке алмай-ақ келтірілгенін атап өту керек. Яғни, депозит немесе өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары арқылы ақша жинайтын болса, ақша жинау әлдеқайда жылдамырақ болады.
Жинақтаушы сақтандыру бағдарламасымен оқуға қалай қаржы жинақтауға болады?
Егер бірнеше жыл бойы балаңыздың оқуына қаржы жинақтап келсеңіз, осы уақыт ішінде кез-келген нәрсе болуы мүмкін: бақытсыз жағдай, сыни ауру (қатерлі ісік немесе жүрек ауруы) немесе ата-анасының бірінің өлімі. Егер ақшаны үйреншікті жолмен жинақтайтын болсаңыз, ол болашақта ақша жинау перспективаларына қатты әсер етуі мүмкін.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасымен қажетті соманы жинақтап қана қоймай, өзін күтпеген шығындардан қауіпсіздендіруге болады.
Жұмыс істеу принципі:
*Ата-аналар лайықты қазақстандық немесе шетелдік университетті таңдайды және өмірді сақтандыру компаниясымен шарт рәсімдейді. Шарт бойынша жинақтау керек соманы ата-аналар анықтайды, әдетте, ол болашақта оның өзгеруін ескере отырып, оқу құнына тең болады.
*Міндетті сақтандыру жарналарын айына, тоқсанына немесе жылына бір рет ыңғайлы түрде төлеуге болады.
*Шарт талаптары бойынша ата-анасының қайтыс болуы және мүгедектігі, ересек адамның (инфаркт, инсульт, обыр және басқалар) немесе баланың (1 типті диабет, бактериялық менингит және ауыр энцефалит, онкологиялық аурулар) қауіпті аурулары, жарақаттар және олармен байланысты уақытша еңбекке қабілеттіліктен айырылу, ауруханаға жатқызу жағдайында сақтандырылуға болады.
*Егер Шарттың бүкіл мерзімі ішінде ештеңе болмаса, өмірді сақтандыру компаниясы университетке оқу құнын бір мезгілде немесе әрбір оқу жылы үшін үлеспен төлейді. Егер оқу құны жинақталған сомадан аз болса, айырмашылық ата-аналармен төленеді.
*Егер Шарттың бүкіл мерзімі ішінде Сақтандырылған ата-анасының қайтыс болуына немесе оның мүгедектігіне (егер мүгедектікті сақтандыру шартқа енгізілген болса) әкелетін жазатайым оқиға орын алса, сақтандыру компаниясы баланың жоғары білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарттың барлық сомасын (сақтандыру шартын жасасқан кезде оқуға жинақтауды жоспарлаған соманы) бірден төлейді.
*Жазатайым оқиға салдарынан ауыр науқастанған, жарақаттанған, жұмысқа қабілеттілігінен уақытша айырылған және ауруханаға жатқызған кезде өмірді сақтандыру компаниясы 3 000 000 теңгеге дейін төлейді.
Әрине, қажетті соманы кез келген басқа тәсілмен жинақтауға болады. Ең бастысы әр ата-ана баласының оқуы үшін қаржы жинақтауды тезірек бастау керек.
Рүстем Аламанов
Abai.kz