Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6110 0 пікір 30 Маусым, 2011 сағат 16:58

«Тұмар» би ансамблі «Париж ырғақтары» халықаралық хореографиялық өнер байқау-фестивалінде лауреат атанды.

Ағымдағы жылдың 11-22 маусымында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының демеушілік қолдауымен «Тұмар» хореографиялық ансамблі «Париж ырғақтары» халықаралық хореографиялық өнер байқау-фестиваліне қатысты. Шараны Обервилье (Париж қаласы) мэриясы, жастар істері жөніндегі басқарма және  Испанияның Fiestalonia Milenio фестиваль комитетімен бірлесе отырып ұйымдастырды. «Халық билері» номинациясы бойынша «Тұмар» би ансамблі көрермендерге қазақтың «Мереке», «Достык», «Өмір жолы» және Хорезм биін ұсынды. Нәтижесінде ұжым І дәрежелі лауреат атанды.

Сонымен қатар конкурсқа қатысушылар үшін арнайы  мәдени-экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар Эйфель мұнарасына, Диснейлендке барып, 2000 жылдық тарихы бар әсем қаламен танысты.

Одан соң ансамбль мүшелері ұйымдастырушылардың шақыруымен Испанияда өткен «Теңіз, күн шуағы, фестиваль» деп аталатын халықаралық фестивальге де қатысты.

- Әділ қазылар алқасы ансамбль мүшелерінің орындау мәнерін, сонымен қатар актерлік шеберлігі мен  орындалған билердің  көркем қойылымын жоғары бағалады. Ал ансамбльдің киім ерекшелігі туралы ерекше әңгіме болды. Біздің костюмдеріміз баршаға ұнады. Көпшілік біздің ұжыммен суретке түсуге ықылас білдірді. Осындай жетістіктерге ие болуымызға ықпал еткен демеушілерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз,- дейді ансамбль жетекшісі Әлия Бегенова.

Қазіргі кезде ансамбльдің 7 мен 16 жас аралығындағы 50-ден астам мүшесі бар. Қазақстан атынан халықаралық фестивальдерде Мұрат Альфина, Қастенова Алина, Елжанова Айсулу, Жақсылықова Айсауле, Әміралина Нарғыз тағы басқалар өнер көрсетті.

Анықтама үшін:

«Тұмар» би ансамблі 2007 жылы құрылған. Шығармашылық ұжым «Шаттық» бағдарламасы бойынша өткізілетін жыл сайынғы Дельфий ойындарының дипломанты, күміс медальдің (2008 ж.), алтын медальдің (2009 ж, 2010ж.) иегері, «Ақ көгершін» III халықаралық балалар шығармашылығы байқауының дипломанты (2009 ж.).

«Таң нұры» балалар би шығармашылығының республикалық фестивалінде «Таңдаулы қойылым» номинациясының жеңімпазы, V Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпазы (2009 ж.) , «Қазақ биі» және «Халық биі» номинацияларында «Жас таланттар» (формейшн) балалар би шығармашылығының республикалық фестивалінің жеңімпазы (2010 ж)., «Балбөбек» балалар шығармашылығының V қалалық байқауының гран-при иегері  (2009 ж.).

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3215
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5233