Жұма, 29 Наурыз 2024
Дін мен тін 3915 10 пікір 24 Маусым, 2019 сағат 10:55

Құнанбай мешітін мұражайға айналдыруға қарсымыз

Сары-Арқаның төрінде орналасқан қасиетті Қарқаралы. Әргі-бергі тарихта орны ерекше болған Қарқаралы. Қазақтың игі-жақсылары мекен еткен Қарқаралы. Міне, осы Қарқаралыда бой көтереген Құнанбай қажы мешіті жөніндегі ойларыммен сіздермен бөліспекшімін. Мәселе мынада, кfзіргі Қарқаралы ауданының әкімі Мақсутов Халелдің аудан имамы Қуатбеков Асқардың қолдауымен Құнанбай қажы мешітінің жұмысын тоқтатып мұражайға айналдыру әрекеттері басталды. Бірі жақсы атаққа, бірі жаңа мешітке ие боламыз дей ме, анығын Алла біледі.

Бұл ұятты оқиға былтырдан бастау алады. Оған мән беріп, оны елеген адамды өз басым көрмедім. Керісінше қолдау көрсетіп жүрген халықты ғана көрдім. Олардың осындай халге түсуі Қарқаралы тарихын мүлде білмеуі деп білемін. «Қарқаралы жер жаннаты, Қарқаралы екінші Швейцария, тарихи мекен» сияқты сөздер айтқаннан басқа түк білмеуі.

Ал енді, Қарқаралы тарихына қарайтын болсақ 1824 жылы Қарқаралы округ болып ашылады. Сол заманның тарихнамасында Қарқаралы Ресей патшалығының қазақ даласының төрінде орналасқан ең мықты әскери бекінісі екенін білеміз және онда мұздай қаруланған, әр сәтте қазақтың қанын төгуге даяр тұрған казак жазалау жасағы орналасқанын білеміз. Қазақтың ажалы орналасқан жер десе де болар еді.

1849 жылы Құнанбай аға-сұлтан болып сайланады да мешіт құрылысына кірісіп кетеді. Енді, бұл жерде барлық тарихты айтудың қажеті жоқ, білгісі келген адам оны кітаптан да оқып біледі. Мешіт құрылысы 1851-і жылы аяқталғанда Қарқаралыда небары бір-екі қазақ отбасы ғана болған. Дана Құнанбай мешіт айналасынан жер алдырып, қазақтың игі-жақсыларын Қарқаралыға қоныстандырған. Бұл деректердің барлығы Алматыдағы мемлекеттік мұрағатта сақтаулы. Енді, осы деректерге сүйенетін болсақ Құнанбайды Қарқаралының негізін салушы дей аламыз. Қарқаралы бұдан бұрын тек Ресей империясының әскери бекінісі болған, онда мұсылмандардан тек саудагер татарлармен өзбектердің бірнеше отбасы тұрған. Бұл аздаған тарихи дерек.

Енді, казіргі жағыдайды айтар болсақ, былтыр аудан әкімі Қарқаралыға кіреберісте жаңа мешіт салдырмақшы дегенді естігенде өте қуандық. Бірақ, қуанышымыз ұзаққа бармады. Себебі, мешіттің негізін салу рәсімінде сөйлеген аудан әкімі Құнанбай мешітінің аудандық статусын жаңа мешітке беріп, Құнанбай мешітін соған қарасты етпеші екеннін айтты.

Бұл қалай болғаны? Құнанбайдан кейінгі бұл Қарқаралыда екінші полковник менмін деп бірі есірсе, екіншісі мен Құнанбайдан артық мешіт саламын деп жүр ме екен?

Міне, осы сәттен әкімнің жаман ниеті біліне бастады. Біраз уақыт өткен соң, құрылыс қарқынды жүріп жатқанда әкім зейнеткерлерді жинап, имамды шақырып, Құнанбай қажы мешітін мұражайға айналдыру мәселесін көтереді және олар оны қолдайды. Мешітті жабу керек дегендегі уәжі, мешіт өз-өзін қамтамассыз ете алмайды дейді, жарықпен жылуын төлей алмайды дейді, сондықтан мемлекет қарамағына беру керек дейді. Бұл мешітке түскен садақамен жылуы мен жарығы былай тұрсын екінші мешітті салуға болады.  Бұл әкім жоғарыдағы тарихты білмейді ме, имам Құдайдан қорықпайды ма? Совет өкметі орныққан соң Құнанбай қажы мешітін бұзбақшы болғандар мертігіп өлді, мешіттен басқаға айналдырамыз дегендер де оңған жоқ.

Жақсы. Уақыт өтті, жаңа мешіт уақытылы қолданысқа берілмеді, құрылысы тоқтады. Мен: «Құдайға мың шұкір!» дедім. Түрлі алып-қашпа әңгімелер айтылып жүрді, жері заңдастырылмаған, электр тартылмайтын болды дегендей... Бірақ, оның барлығы маңызды емес еді. Маңыздысы құрылыс тоқтады! Бірақ, бұл қуанышымыз ұзақ болмады, биыл құрылыс жанданды.

Бұл да түк емес екен. Тағы да әкім, зейнеткерлер және имамның қолдауымен мешіт жанына әкеліп Құнанбайдың мүсінін орнатты. Әрине, біз қарсы болдық. Егер әкім елмен ақылдасқанда, мен міндетті түрде мүсінді әкімшілік алдына орнатуды ұсынар едім және ұсындым да. Бірақ, ол құлақ аспады. Казір әкімшілік алдында Боқты көтерілісін аяусыз басқан коммунарлардың үлкен мануметі тұр.

Мейлі... Онда да өз білгенін қылды. Ал енді, тақауда қайтадан мешітті мұражайға айналдырамыз деген әңгіме жаңғырып шықты. Имамға барсақ: «Жоқ, мешіт жабылмайды. Мешіт енді мешіт-музей деп аталады да бір бұрышына тарихи жәдігерлер қойылады» дейді. Сонда бұл не қылғаны? Азан айтылмаса, Жұма намазы оқылмаса, қызықтаған халық ішінде шұбырып жүрсе не болмақ? Құдайды да, дінді де, Құнанбайды да мазақ қылғаны ғой мынау!

Өз басым мұны дінге қарсы арнайы әрекет деп білемін. Мешіт жабылса бұдан тек Қарқаралы ваххабистері ұтады. Ел үшін, дін үшін жаным пида деп мешіт салған Құнанбай, сол мешіттен намаз оқып, дұға қылып, әрекет еткен Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбайұлы сияқты қазақтың марқасқаларына пысқырып та қарамауы деп білемін.

Міне, осы күнге дейін мешіттің жабылуына арналған үш қадам жасалды. Біріншісі: жаңа мешіт салынып Құнанбай қажы мешітінің статусына иелену, екіншісі: мешіт жанынан Құнанбайдың мүсінін орнату, үшінші: мешітті жартылай мұражай қылу.

Осы мақаланы жазып отырғанымда мешітте жиналыс болды деген хабар жетті маған. Онда аудан әкімінің орынбасары Алиев Сайлау деген мешітке келіп, жоғарыдан хат келді деп бір хаттты оқып беріпті. Сөйтіп: «Абайды Абай қылған Құнанбай, сондықтан Құнанбайды танытуымыз керек» деп, бұл президент Қасым-Жомарт Токаевың ұсынысы депті. Күлейін бе, жылайын ба? Президент мешіттің жылуымен жарығы төленбей жатқанын қайдан біледі? Білген күні барлығын реттеңдер демей ме, әлде мешітті жауып тастаңдар дей ме?...

Сонымен кім жеңеді? Әлемдердің Раббысы болған Алла ма, әлде ақылдарынан адасқан пенделері ме?

Кімнен қорқамыз? Алладан ба, әкімнен бе, имамнан ба? Жауабы белгілі ғой. Қазағым: «Құдайдан қорықпағаннан қорық» дейді.

Төлеутай Ерболат Жақсылықұлы

Abai.kz

 

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596