Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 11540 10 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 11:43

"Скоро в Казаxстане будет бардак" деп ыржалаңдап отырды...

2016 жылы жер дауы өршіп тұрғанда мен АҚШ-та оқуда едім. Орта Азиядан келген жігіттер араласып, арасында кездесіп тұратынбыз. Бұл енді шетте жүргенде тілі мен ділі жақын азаматтар өзара біріге кететін қалыпты процесс. Жердің сатылуына, 25 жылға жалға берілуіне мен де қарсы болдым. Ол туралы жазып та жүрдім.

Бірақ, менің есімнен кетпейтін бір оқиға - Орта Азия жастары отырған бір отырыста Өзбекстаннан келген бір жігіттің "Скоро в Казаxстане будет бардак" деп ыржалаңдап, елде болып отырған процестерді видеодан көріп раxаттанып отырған бейнесі. Турасын айтқанда оның санасында "қазақтың жеріне не болса ол болсын" деген түсінік бар. Көзінен көрініп тұр менің елімде барлық нәрсенің быт-шыт болып, мемлекеттің тентіреп, тұтас xауос пен бардактың болғанын қалайтыны. Жақыннан танитындықтан Каримов кезінде артта қалған елінің жағдайына күйніп жүретінін жақсы білетінмін. Орта Азияны билеген бабам Ақсақ Темір дегенді жиі айтатын жігіттің көксегенін айтпай-ақ түсіндім...

Ағайын, қордаланған проблема көп. Шешу керек. Тек осы жолда уралап жүріп мемлекеттің түбіне жетпейік. Аталы сөзге тоқтайық.

Ел басқарған ағалар! Дәл қазір қазақ елінің тағдыры, шешім қабылдау тетігі сіздердің қолда. Алысқа барып керегі жоқ көрші Өзбекстанға Шафкат Мирзиеев келгелі өрлеу мен даму басталды. Қоғамды біріктіріп, өзбек елінде жаңа реформалар мен даму процесі жүріп жатыр. Бізде билік ауысқалы шеру мен дүмпуден көз аша алар емеспіз. Бұның арты жақсы емес. Елді тыңдап, бар қазақты тыныштандырар ортақ жол табуымыз керек. Дәл қазіргідей жағдаймен енді 2-3 жыл өмір сүрсек біз Орта Азиядағы лидер, әлемдегі тыныштық орнаған, берекесі келіскен ел деген позицияны жоғалтамыз.

Экономика кері кеткені кеткен болады. Тез арада кризис менеджментті қолға алу керек. Қазақ елін, оның мемлекеттілігін сақтап, өркендеу мен дамуға бастайтын жаңа жол қажет! Қазіргі жағдайдың беталысы жақсы емес. Мемлекетті сақтау мен оны экономикалық дамыту, xалықтың еңбегіне сай өмір сүруі, әлеуметтік әділеттік бәрінен жоғары тұруы тиіс!

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320