Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3607 0 пікір 9 Шілде, 2019 сағат 09:54

Гонкоңдағы шеру...

Беретін жеріміз онсыз да жоқ!
– Қытайға адамдарды беру тоқтатылсын! – деген ұранмен қанша аптадан бері Гонкоңда шерулер өтіп жатыр.

Бүгін түске қарай апам екеуміз "Жұлдыздар Алаңына" қарай суретке түсуге бет алдық. Алаң Гонкоң Өнер мұражайының (иә, музей емес...) қасында орналасқан. Жақындай бергенде қара киімді жас адамдар жинала бастағанын көрдік. Апам бір мереке деп ойлап келе жатқан болуы керек. Соншалық көп адамның қасында аздап қысыла да бастады.

Алаңға жетіп алып, орын тауып отырған кезімізде үлкен көше мен метроның ішінен үлкен колонна шығып келе бастады. Енді ғана түсінген едім не боп жатқанын:
– Апа, бүгін бізге тарихи оқиғаға куә болу бұйырып тұр-ау.
– Қандай уақиға?
– Біз көтерілістің ішінде отырмыз, апа. Не боларын көрейік енді.
– Ойбай, анау мітінг дегендері осы ма? Тыныш қой мыналарың.
– Бейбіт шеру ғой, енді
– Аааа, ойпырмай-ә?!
Біраз отырдық шерудің қасында. Жағалауға өтетін жерді жауып қойды. Бір кезде қасымызда тұрған жас гонкоңдық қытай жігіттер келді де сыпайы түрде:
– Кешіріңіз, қазір мына жерге тағы үлкен колоннамыз келе жатыр. Анаңыз қысылып қалуы мүмкін. Үлкен кісі ғой, ең дұрысы анаңызды қонақүй жаққа апарғаныңыз жөн болар! – деді.

Апамды қонақүйге кіргіздім де өзім далаға шықтым. Шеру басталған екен. Ортадағы үлкен даңғыл арқылы қаланың орталық-батыс жолымен арал бөлігіне қарай жол алды меніңше. Бұл шеруге бәрі дерлік қара киіммен шығыпты. Полиция қызметкерлері болды. Шетелдіктерге сыпайы түрде сырттан бақылауды ұсынып жатты. Менің үстімде қара мәйкі болғаны үшін ештеңе деген жоқ. Әйтсе де өте бейбіт өтті. Шерушілер тіпті, қала тыныштығын бұзбау үшін зорайтар дыбыспен басқарудың орнына жалпыға ортақ қол белгілерін ойлап тапқан екен. Бұрылатын, тоқтайтын, ұрандайтын, жүретін барлық әкшіннен алдын барлығы қолмен ишарат жасап ұйымдасып жатты.

Бұл шеру Гонкоң территориясында ұсталған және сотталған адамдарды Қытай Үкіметіне (ҚХР) беру жайлы заңға қарсы өтіп жатыр. Қанша аптадан бері толастаған жоқ. Жалпы, Гонкоң қытайлары ұнады маған. "Ізгіленген қоғамдар примерно осындай болады екен ғой" деп шерудің артынан қимай қоштасып тұрдық бір африкалық, бір араб және мен. Әп-сәтте жаңбыр тамшылай бастады. Шеру бір-ақ мезетте қолшатырлар галереясына айналып кете барды...

«NurOtan бейбіт митинг өткізіпті ғой...» деп құлағымнан біреу сыбырлағандай ма..?

Садық Шерімбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396