Дүйсенбі, 21 Қазан 2019
46 - сөз 4070 5 пікір 11 Шілде, 2019 сағат 10:47

Әкімдер Рысқалиев секілді жұмыс істегенде, аналар митингісі болмайтын еді

Ақпаннан бері Аналар барлық облыстарда белсенді түрде қозғалып, әкімдеріне тыныштық бермегенін жақсы білесіздер. Барлық региондарда жүздеген чаттар ашылып, чаттағы Аналар белсенді пікірталастар өткізді.
Одан бөлек, 70 мың Ана менің поштама электронды арыз тапсырса, 3 мыңға жуық Ананың қолмен жазып тапсырған арыздарын Президент аппаратына, Үкіметке, Парламентке тапсырдық. Әр хат бойынша мәселелер шешіліп (яки шешілмей) жатыр, ол басқа әңгіме...

Айтайын дегенім ол емес.
Айтайын дегенім - барлық өңірлердің Аналары "Ақжүніс" Аналар қозғалысына өте белсенді қатысты, тек бір ғана облыстың Аналары бұл қозғалыста әлдеқайда "пассивный" болды. Ол - Атырау облысы. Арыз жазғандар да бұл облыста өте аз болды.
Оның себебі неде, білесіздер ме?

Оның себебін атыраулық Аналар, админдер былай түсіндірді: Атырау облысында мұқтаж отбасылар, қаңғып жүрген Аналар мүлде жоқтың қасы. Кезінде Бергей Рысқалиев Атырау облысының әкімі боп тұрған кезде бүкіл облыс халқының жағдайын жасап, әлеуметтік мәселелерін шешіп тастаған дейді.

Егер барлық әкімдер солай жұмыс жасағанда Аналар митингілері еш жерде болмаған болар еді...
Халықтың жағдайын жасаған әкімдер қудаланады, сотталады.
Халықты қаңғытып жіберген парақор шенеуніктер өседі.
Мұндай парадокс Қазақстанда ғана болады.

Сәуле Әбілдаханқызының facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір