Дүйсенбі, 21 Қазан 2019
46 - сөз 984 5 пікір 11 Шілде, 2019 сағат 11:12

Ана мен баланы қорғайтын "Жол картасын" Көшербаев керек қыла ма?

Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі тосын сый дайындап жатыр дейді-мыс. Кедейліктің шегі осы тоқсанда Атаулы əлеуметтік көмек бойынша 18 мыңға түседі деген сыбыс бар. Доллар өсіп, теңге құнсызданып жатқанда кедейлік қалай түседі? Сонда Елбасының көп балалыларға 21 мыңнан берілсін деген уəдесін аяқасты қылатын бұл қандай дөй министрлік?

5 ай өтті. Əлі көп балалыларды қорғайтын бірыңғай Ұлттық бағдарлама құрылмады. Нұр-сұлтанда көп балалылардың балаларына тегін мектеп формасы, жоғары оқу орнына 180 тегін грант, аналарға стаматология тегін қызмет көрсетеді. Басқа қалаларда бұл жеңілдік жоқ. Қарағандыда көп балалыларға балабақшаға 50 пайыз жеңілдік, қала ішіндегі автобустарда тегін жолақы билеті енгізілген. Басқа облыстарда бұл жеңілдік жоқ.

Əр қаланың аналарына неге əртүрлі көмек қарастырылған? 5 айда республика бойынша ортақ бағдарлама қабылдауға болатын еді ғой. Министрлік жанындағы Жұмыс тобындағы аналардың Гүлшара Əбдіхалықоваға айғайлап жатқанын көрдік. 5 айда Президент өзгерді, министр өзгерді, ПА басшысы өзгерді, əкім өзгерді. Енді ұсынысымызбен танысып, ортақ шешімге келеміз дегенде жаңа басшы келеді. Біздің аманатымызды арқалаған Жұмыс тобы Үкіметке сөзін өткізе алмаса, үйде отырған ананы кім тыңдайды.

Сағынтаев кетті. Жұмыс тобы дайындаған Ана мен баланы қорғайтын Жол картасын Көшербаев керек қыла ма? 17 млн халықтың ішіндегі азғантай ғана 340 мың көп балалы ананы масыл деген Үкімет тағы қандай тосын сый дайындап жатыр екен?

Ләззат Қожахметтің facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір