Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3634 7 пікір 19 Шілде, 2019 сағат 15:30

Президент вице-министр Абисатовты қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ вице-министр Махамбет Абисатовты қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда сайты жариялаған.

Мемлекет басшысының Өкімінде:

"Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен;

Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", деп жазылған.

Ал, Абисатовтың орнына Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы болған Арыстанғани Заппаров тағайындалды.

"Sputniknews.kz" сайтының жазуынша, Абисатовтың қызметінен кетуіне вице-министрге қатысты даулы аудиожазба себеп болған.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіге "На любой стрелке обосную" деп аталатын аудиожазба тараған. Оның сипаттамасында жазба Ақтөбе облысы полиция департаментіндегі жиналыста жасалғаны айтылады. Титрде жиынға қатысушылардың бірінің дауысы вице-министр Махамбет Абисатовқа тиесілі екені көрсетілген.

Естеріңізде болса, аталған мәселеге қатысты "Abai.kz" ақпараттық порталы мәселе көтеріп, ІІМ Ерлан Тұрғымбаев мырзаның атына ашық хат жазған.

ІІМ мәліметінше, қазір аталған мәселеге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр екен.  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев фоноскопиялық және филологиялық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458