АҚШ медиа нарығы
АҚШ медиа нарығының алыптары 6 үлкен конгломератқа біріктірілген. Бір сөзбен айтқанда, АҚШ мейнстрим медиа ресурстары 6 миллиардер немесе миллиардерлердің алты құрамының бақылауында. Ал олар өз ішінде pro-democrat және pro-republican болып жіктеледі. Яғни, бір бөлігі демократтарды қолдаса, екіншісі республикалықтардың жағында. Содан, АҚШ-та медиа ресурстарға қатысты үкімет цензурасы жоқ, тек корпоративті цензура бар деп айта аламыз.
Айта кетсек, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп республикалықтар атынан сайланған. Кеше АҚШ президенті өзінің ҚУАТТЫ твиттерінде Google компаниясының Қытай тыңшыларымен байланысы бар болуы мүмкін екенін жазып, өз администрациясына тексеру ұйымдастыруды тапсырып отыр. Ол өз аргументін FoxNews арнасының Питер Тиль есімді Силиконды алқаптағы алып инвесторлардың бірімен болған сұқбатқа сүйене отырып жазған. Ал Питер Тильдің Трамптың баяғыдан қолдайтынын ескерсек, бұл арнайы ұйымдастырылған шабуыл болуы мүмкін. Дәл осындай қарсы аргументпен CNN, The New York Times, Bloomberg, The Wall Street Journal басылымдары жазып отыр. Себебі бұлардың барлығы pro-democrat саналады.
Ал Питер Тиль босқа ондай аргумент айта қоймайды деп ойлаймын. Ол кезінде Илон Маскпен біріге отырып, Paypal компаниясын құрған және Facebook өте қуатты компанияға айналатынын болжап, инвестиция құйған аз миллиардерлердің бірі. Бір жағынан, Питер Тиль Силиконда алқаптағы Google (Alphabet) корпорациясының монополизациясына қарсы шабуылдаушылардың бірі болуы мүмкін. АҚШ-тағы High Tech алыптарының алгоритмдің дамуына да саясилана бастағаны байқалады.
Жолдас Өрісбайдың facebook парақшасынан
Abai.kz