Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2228 0 пікір 18 Маусым, 2009 сағат 08:41

Алматының қаржы орталығына айналуы, экономикаға ауқымды инвестиция тартудың оңтайлы жолы.

Нарықтық экономикаға өткелі бері, Қазақстан инвестиция тартудың жаңа мүмкіндіктерін, жаңа көздерін іздеуде талпыныс жасауда. Тәуелсіздік алған жылдардан бері шетелдік инвестицияның басым бөлігі мұнай-газ саласымен түрлі-түсті металлургия саласына, жалпы шикізат экспорты секторына тартылды. Мысалы, 1993-ші жылмен 2007-ші жылдар арасында Қазақстанға тек қана АҚШ тарапынан 68,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Бұл жылдар ел экономикасы үшін қолайлы жылдар болғаны белгілі, осы жылдары Қазақстанда екінші деңгейлі банк, зейнетақы, инвестициялық қорлары мен сақтандыру компаниялары активтерінің өсімі қарқынды болды. Қазақстан басшылығының пайымдауынша еліміздің инвестициялық мүмкіндігін арттыру бағытында 2008-2010-шы жылдары алдын-ала болжам бойынша 255-285 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту керек екен, оның ішінде Каспий теңізі шельфіне 2008-ші жылы 12,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде, ал 2011-2015-ші жылдары 16 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланған,  алдағы бес жылдық көлемінде елдегі инфроқұрылымды дамыту үшін 30 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту, 2015-ші жылға дейін темір жолмен үлкен автожолдарға 10 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделген болатын, алайда бұл жоспарлардың іске асырылуына әлемдік қаржы дағдарысы өз өзгерісін тигізгені белігілі.

Нарықтық экономикаға өткелі бері, Қазақстан инвестиция тартудың жаңа мүмкіндіктерін, жаңа көздерін іздеуде талпыныс жасауда. Тәуелсіздік алған жылдардан бері шетелдік инвестицияның басым бөлігі мұнай-газ саласымен түрлі-түсті металлургия саласына, жалпы шикізат экспорты секторына тартылды. Мысалы, 1993-ші жылмен 2007-ші жылдар арасында Қазақстанға тек қана АҚШ тарапынан 68,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Бұл жылдар ел экономикасы үшін қолайлы жылдар болғаны белгілі, осы жылдары Қазақстанда екінші деңгейлі банк, зейнетақы, инвестициялық қорлары мен сақтандыру компаниялары активтерінің өсімі қарқынды болды. Қазақстан басшылығының пайымдауынша еліміздің инвестициялық мүмкіндігін арттыру бағытында 2008-2010-шы жылдары алдын-ала болжам бойынша 255-285 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту керек екен, оның ішінде Каспий теңізі шельфіне 2008-ші жылы 12,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде, ал 2011-2015-ші жылдары 16 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланған,  алдағы бес жылдық көлемінде елдегі инфроқұрылымды дамыту үшін 30 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту, 2015-ші жылға дейін темір жолмен үлкен автожолдарға 10 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделген болатын, алайда бұл жоспарлардың іске асырылуына әлемдік қаржы дағдарысы өз өзгерісін тигізгені белігілі. Қазіргі кезде тікелей шетелдік инвестицияның 40%-ы шикізат секторына келіп отыр.  Ішкі инвестициялық мүмкіндіктерімізді алатын болсақ, банк секторының көлемі ІЖӨ көлемімен алғанда 92,6%-ы, зейнетақы қорларының үлесі 9,7%-ды, сақтандыру компаниялырының үлесі 1,7%-ды, пайлық инвестициялық қорларының ІЖӨ шаққандағы көлемі 1,6%-ды құрайды екен. Бұл көрсеткіштер қаржы секторының дамуында да үлкен алшақтықтар және кенжелеп қалған тұстары бар екенін көрсетеді.
Қазақстанның қаржы-экономикалық мүміндіктерін арттыру бағытында  2005-ші жылы Үкіметтің қаулысымен «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» Акционерлік қоғамы құрылды, ал 2006-шы жылы аталған агенттік туралы заң қабылданды. Өңірлік қаржы орталығын құру туралы бастаманы 2004-ші жылы қараша айында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мұрындық болуымен өткен қаржыгерлер конгресінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Қазіргі кезде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қызметін Нью-Йорк, Лондон, Токио, Шанхай қор биржалары, Швейцария биржасы, Мәскеу банкаралық валюта биржасы, Ресей тауарлық жүйесі секілді қор биржасындағы азулы сауда орталықтары мойындап отыр. Бүгінгі күнде агенттік аясында арнайы сауда алаңы, рейтинг агенттігі, Агенттік академиясы жұмыс жасайды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» Акционерлік қоғамы ресейлік «РТС қор биржасы» ААҚ-мен бірігіп Алматы қаласында «Еуразиялық сауда жүйесі» АҚ құрды. Бұл жаңа қордың 60%-ы «РТС қор биржасы» ААҚ-на, ал 40%-ы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына тиесілі. Агенттік төрағасы Әркен Арыстановтың пайымдауынша қазіргі дағдарысқа қарамай, Қазақстан экономикасына инвестиция салғылары келетіндердің саны жетерлік, ол тек қана батыс бағытында ғана емес, сонымен қатар оңтүстік азия, араб елдерінен де инвеситция құюға даяр инвесторлар бар дейді. Салалық агенттіктің құрылуына байланысты, Қазақстанда тұңғыш рет 2011-ші жылға дейін жоспарланған қор биржасын дамыту жөніндегі стратегиялық бағдарлама қабылданды. Агенттіктің құрылуы сонымен қатар Алматы қаласында үлкен халықарылық қаржы ұйымдырының өкілдіктерін ашуға мүмкіндік берді, 2008-ші жылдың 1-ші қаңтарындағы ақпар бойынша агенттікте тіркелген брокерлік және дилерлік ұйымдардың жалпы саны 2007-ші жылдың аяғында 65-ке жеткен. Агенттіктің бағытты жұмыс жасауына байланысты эмитенттердің сан және сапа жағынан алғанда нәтижесі өсе түсті, қаржы қадағалау агенттігінің мәліметіне сенсек, егер де 2005-ші жылы эмитенттердің саны бар-жоғы 94 болса, 2007-ші жылы оның саны 126-ға дейін өскен. Агенттік құрылғаннан бері еліміздегі қор нарығы қозғала бастап, қор нарығы секторындағы заңнамалар қабылданып, олар жетілдіріле, сонымен қатар жаңа қаржы тетіктері енгізіле бастады.
Дегенмен де, Қазақстан Республикасы қор нарығының жетіспейтін тұстары да бар, ол қор нарығы инроқұрылымының даму деңгейінің төмендігі, еліміздің қор нарығының басқа елдердің қор нарығымен салыстырғанда бәсекелестік деңгейінің, орталық депозитарийдің капитализациясымен автоматтандырылуының төмендігі, телекоммуникациялық ұсыныстардың қымбаттылығы, отандық компаниялармен кәсіпкерлерге ұтымды баға берудің жүйеленбеуі, корпоративті басқарудың төмендігі, компаниялардың өз қызметі жөніндегі ақпаратты толық ашпауы, инвесторлардың нашар қорғалуы, көрсетілетін қаржы ұсыныстарының бірізді болуы. Қазіргі кезде отандық қор нарығында тек қана акциялар мен облигациялар ғана қолданылуда. Тағы бір айта кететін жетіспеушілік, бұл халық тарапынан қор биржасына деген сенімсіздіктің орын алуы және инвестиция, қор туралы ақпараттың жетіспеуі, жалпы бұл саладағы мәдениеттің болмауы және т.б. Қаржы дағдарысы осы сектордағы көптеген кемшіліктердің бетін ашып берді. Соңғы уақытта Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов те агенттіктің жұмысына көңілі толмайтынын айтып жүр. Оның пікірінше агенттік мемлекеттің тарапынан жасаған қолдауды, сенімді ақтай алмай отыр дейді. Алматы қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдыру жоспары бойынша, «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» 2015-жылға дейін Азиядағы алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының ондығына кіруі тиіс. Қазіргі кезде дағдарыс салдарына қарамай бұл салада бәсекелестік артып келе жатыр. Әлемдік қаржы орталықтары индексінің (Global Financial Centres Index) бағамы бойынша, жетекші қаржы орталықтарына Гонконг, Сингапур, Токио, Дубай, Шанхай, Бахрейн, Пекин, Қатар, Мумбай, қалалары кіреді екен. Алдыңғы қатардағы орталық тізіміне Сеул, Осака, Куала-Лумпур, Манила, Бангкок, Ыстамбұл және Теһран қалалары да кіруге талпыныс жасауда.
Соңғы жылдары, көршілес Ресей, Мәскеу қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Ресей президенті Дмитрий Медведевтің айтуынша, Ресей қазіргі қалыптасқан жағдайға қарамай, Мәскеу қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдыру бастамасынан бас тартпайды, керісінше бұл бастаманы жүзеге асырудың маңыздылығы артыла түсті дейді. Алматы қаласының қаржы орталығына айналдыру үшін ТМД көлемінде болашақта басты бәсекелестік Мәскеу тарапынан туындауы мүмкін.
Алматы қаласын халықаралық деңгейдегі қаржы орталығына айналдыру үшін атқарылатын жұмыс көп, ол бәсекелестікті күшейту, бәсекелестік орта қалыптастыру. Жекелеген компаниялардан, жеке тұлғалардан бағалы қағаздар рыногін дамытуға қаржы көздерін тарту, Алматы қаласының қаржы орталығы болуы үшін инфроқұрылымын дамыту және жаңарту, халықтың қаржымен жұмыс жасау жөніндегі мәдениетін арттыру, қолайлы инвестициялық жағдай жасауды жалғастыру, қор нарығына жаңа эмитенттер тарту, қор нарығын дамыту үшін мемлекеттік үстемелеуді жалғастыру, бағалы қағаздар нарығын дамыту, Қазақстанда іскерлік белсенділікті арттыру және т.б. ауқымды істерді жүзеге асыру. Бұл түйткілді мәселелер Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2011-ші жылға дейін жасаған стратегиялық жоспарында кеңінен айтылып кеткен. Үлкен жобаны іске асыру жолында ең үлкен мәселелердің қатарына елде белең алған жемқорлықпен күресті күшейту, сот жүйесінің ашықтығын, тәуелсіздігін арттыру жұмыстарын кеңейту, сапалы мамандарды дайындау секілді түйткілді мәселелерді шешуіміз керек.   Ұлттық қор нарығын дамыту біздің еліміз үшін ішкі қаржыландыру көздерін табудың үлкен балама шешімі болмақ. Жалпы алғанда дағдарыс салдарына қарамай аталған бастаманы қарқынды жүзеге асыру арқылы, біз алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының санатына бір саты жақындай түсетініміз анық.

 

Ғаділбек Әкім, экономист.

«Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5565