Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1971 0 пікір 12 Шілде, 2011 сағат 06:38

Кедендік одақтың нақты кемшіліктері анықталды

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада басталған «Кедендік одақ: тәжірибе, мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбындағы «дөңгелек үстелдің» отырысы барысында  Инвестициялардың табыстылығын зерттеу агенттігінің бас сарапшысы Гүлнұр Рахматулина Кедендік одақтың нақты кемшіліктерін жария етті.

Оның айтуынша, Кедендік одақтың барлық тетіктері іске қосылғаннан бері Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдері арасындағы экономикалық ықпалдастық күшейе бастады. Бірақ одақ ішінде әлі күнге дейін шешілмей жатқан мәселелер бар. «Ең бастысы, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында нақты байланыс жоқ. Сондай-ақ біздің кәсіпкерлерлер тауар сертификатын екі рет алып, қосымша құн салығын екі есе артық төлеуге мәжбүр болып отыр. Ресейде - 18 пайыз, ал Қазақстанда 12 - пайыз, барлығы 30 пайызға шығып отыр. Бұл - үлкен шығын. Осының нәтижесінде елімізде тауар қымбатшылығы басталады», - дейді Г.Рахматулина.

Бас сарапшы атап көрсеткендей, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің үлес салмағы 20 пайызға да жетпейді. Ал Жапония, Германия, Болгария және Италия елдерінде бизнес саласы ішкі жалпы өнімнің 50 пайызын береді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525