Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
3620 0 пікір 22 Шілде, 2019 сағат 17:15

Қызылорда облысында ұлттық спорт түрлері дамып келеді

Сыр өңірінде асық атудан түрлі деңгейдегі турнирлер 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Ол ұлттық құндылықтарды жаңғырту бағытында қолға алынған. Дәстүрлі шараны Қызылорда облыстық «Асық ату» қоғамдық бірлестігі тұрақты түрде өткізуде.

«Қостанай қаласында өткен халықаралық турнирде біздің жастар жоғары орындардан көрінді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған.

Біздің бірлестік осы мақсатта ұлттық спорт түрі асық ойынының қалалық, облыстық және республикалық турнирлерін өткізіп келеді.Жастарымыз сол жарыстарда шыңдалды. Қостанайдағы жарыста жоғары жетістікке жетуіміздің бір нәтижесі осында жатыр», - деді Қызылорда облыстық «Асық ату» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Базартай.

Халықаралық турнирге Қызылорда облысынан асық ату спортынан жергілікті бапкер Р. Наукеев бастаған үш спортшы қатысты. Сыр спортшылары турнирде жалпы командалық есепте үздік үштіктен көрінді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1207
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2730
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 861
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 817