Төлен РАМАЗАНҰЛЫ. Қостанайда қазақ балалары орысша оқуға мәжбүр
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 21.12.2007 жылғы №1256 қаулысында шағын елдiмекендердiң мектебiнде бала саны кемiнде - 41, жалпы орта бiлiм беретiн мектепте - 81 оқушы болуы керек.Осыған сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Мағынай негiзгi мектебi мен Тастыөзек орта мектеп-интернаты 2000-жылдары жабылған едi. Мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн бiлiм ошақтарының ендi бiрi Өрнек орта мектебi 2010 жылға дейiн негiзгi мектеп болып, былтыр 38-39 оқушысы бар мектеп аудан әкiмiнiң үкiмiмен бастауыш мектепке айналды. Бәлкiм, бұл жағдайлар заң аясында жүзеге асқан болар. Алайда елiмiзде 20-25 баланы оқытып отырған мектептер көп қой?! Мәселен, Қостанайдың Жiтiқара ауданының ресми сайтында Кусакан ауылында - 32, Львовта - 23, ал Комсомолда - 21 бала бiлiм алып жатқаны жөнiнде мәлiметтер көрсетiлген. Бейресми деректер бойынша, Таран ауылындағы мектепте небәрi 17 бала оқитын көрiнедi. Сонымен қатар бұл мектептердiң ешқайсысында сабақ мемлекеттiк тiлде өтпейдi. Сонда үкiметтiң қаулысы қандай негiзге сүйенiп шығарылған? Қостанай өңiрi Ресеймен шекаралас. Онсыз да қазақтың үлес салмағы аз келетiн аймақтағы бiлiм саласының проблемалары өте көп. Мәселен, басқа тiлдi мектеп жабыла қалса, оқушылар көршi ауылдағы мектепке ауыса салады. Ал қазақ тiлiнде бiлiм алғысы келген балаға аудан орталығына баруға тура келедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 21.12.2007 жылғы №1256 қаулысында шағын елдiмекендердiң мектебiнде бала саны кемiнде - 41, жалпы орта бiлiм беретiн мектепте - 81 оқушы болуы керек.Осыған сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Мағынай негiзгi мектебi мен Тастыөзек орта мектеп-интернаты 2000-жылдары жабылған едi. Мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн бiлiм ошақтарының ендi бiрi Өрнек орта мектебi 2010 жылға дейiн негiзгi мектеп болып, былтыр 38-39 оқушысы бар мектеп аудан әкiмiнiң үкiмiмен бастауыш мектепке айналды. Бәлкiм, бұл жағдайлар заң аясында жүзеге асқан болар. Алайда елiмiзде 20-25 баланы оқытып отырған мектептер көп қой?! Мәселен, Қостанайдың Жiтiқара ауданының ресми сайтында Кусакан ауылында - 32, Львовта - 23, ал Комсомолда - 21 бала бiлiм алып жатқаны жөнiнде мәлiметтер көрсетiлген. Бейресми деректер бойынша, Таран ауылындағы мектепте небәрi 17 бала оқитын көрiнедi. Сонымен қатар бұл мектептердiң ешқайсысында сабақ мемлекеттiк тiлде өтпейдi. Сонда үкiметтiң қаулысы қандай негiзге сүйенiп шығарылған? Қостанай өңiрi Ресеймен шекаралас. Онсыз да қазақтың үлес салмағы аз келетiн аймақтағы бiлiм саласының проблемалары өте көп. Мәселен, басқа тiлдi мектеп жабыла қалса, оқушылар көршi ауылдағы мектепке ауыса салады. Ал қазақ тiлiнде бiлiм алғысы келген балаға аудан орталығына баруға тура келедi. Өйткенi айналадағы бiлiм ошақтарының барлығы орысша оқытады. Баласы үшiн үй-жайын тастап аудан орталығына көшкен отбасыға басқа әлеуметтiк проблемаларды шешу тiптi қиын. Сондықтан амалсыз баласын орыстiлдi мектепке беруге мәжбүр болады. Ал мұның барлығы ұлттығымызды қалыптастыруға орасан зор кесiрiн тигiзедi. Ауданның қазақ баласының 80 пайызы ана тiлiнде бiлiм алу мүмкiндiгiнен айырылған. Мысалы, Новотроицк орта мектебiндегi 163 оқушының 137-сiнiң ұлты қазақ болғанымен, бар болғаны 15-i қазақ тiлiнде бiлiм алуда. Жоғарыда сөз етiлген жағдай тек бiр ғана ауданның бiрнеше мектебiне қатысты. Ал жалпы облыс бойынша мұндай келеңсiздiктерден көз сүрiнедi.
Бiлгiмiз келетiнi, мына түрiмiзбен мемлекет тiлдi қалай дамытып, қайтiп ел боламыз? Қостанайдың әкiмқаралары үшiн бұл жағдай проблема болмағаны ма? Осы мәселе бойынша құзырлы мекемелер арнайы шара қолданып, мәселенi назарға алады деп үмiттенемiз.
Төлен РАМАЗАНҰЛЫ,
Қостанайдың байырғы тұрғыны,
Солтүстiк Қазақстан облысы.
http://www.zhasalash.kz/makataev-22/4993.html