Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2123 0 пікір 17 Шілде, 2011 сағат 07:53

Айжан Жұмабаева. Өгей бала - журналист

Талантты халық болсақ та таланттарды мойындауымыз қиын.

Ән әлемінің падишасы, КСРО халық әртісі Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА

Біздің еліміздегі әлеуметтік қорғалмаған топ мүшелері қатарына баспасөз өкілдері де еніп отыр, тек жалған намысқа тырысқан әріптестеріміз «Журналистер неге әлеуметтік қорғалмаған?» деген тақырыпты сөз етуге арланғандай. Бұл үшін әрине, кінәліні іздеп алысқа барудың мүлдем қажеті жоқ. Бұл олқылыққа өзіміз, журналистер қауымы, Парламент қабырғасында отырған кешегі әріптестеріміз, бүгінгі депутаттар да кінәлі.

Сонымен, бұл тақырып аясында айтылар сөз ауаны төмендегідей.

Талантты халық болсақ та таланттарды мойындауымыз қиын.

Ән әлемінің падишасы, КСРО халық әртісі Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА

Біздің еліміздегі әлеуметтік қорғалмаған топ мүшелері қатарына баспасөз өкілдері де еніп отыр, тек жалған намысқа тырысқан әріптестеріміз «Журналистер неге әлеуметтік қорғалмаған?» деген тақырыпты сөз етуге арланғандай. Бұл үшін әрине, кінәліні іздеп алысқа барудың мүлдем қажеті жоқ. Бұл олқылыққа өзіміз, журналистер қауымы, Парламент қабырғасында отырған кешегі әріптестеріміз, бүгінгі депутаттар да кінәлі.

Сонымен, бұл тақырып аясында айтылар сөз ауаны төмендегідей.

1) Журналистердің арқасында модаға айналып, қолданысқа енген жаңа сөздердің бірі «аз қамтылған» деген сөз және осындай топтар пайда болды! Тек осы топқа журналистердің өзі де кіретіндігін мойындауға келгенде неге арланамыз? Біздің қазақтың жұп-жұмыр сөзімен айтсақ «кедей отбасы» деген сөз. Біздің журналистер яғни, «әлеуметтік қорғаусыз қалған қауым»! Бұл сөзім әрине талай әріптесімнің жанына батып, жарасына тұз сепкендей етер! Бірақ, мойындау керек, бұл ақиқат!Мысалы, қаншама журналист баспана үшін шығармашылығын жинап қойып, «аудармашы», «мұғалім», «баспасөз қызметкері» деген өз мамандығына сай келмейтін салада жұмыс істеп жүр. Өйткені, «Мемлекеттік тұрғын үй» бағдарламасындағы тізімге журналистер енбеген, яғни жыл сайын ел аумағында төмен бағамен үй алуға үміткерлер қатарында «төртінші биліктің өкілдері» жоқ! Баспанадан үміттілерден құжат қабылдау басталған кезде «Хабар», «Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақпарат» сынды мемлекеттік басылымдағы әріптестеріміз бастары салбырап, таулары шағылып жатады. Өйткені, олар жұмыс істейтін мекеме «Акционерлік қоғам» деп аталады! «Акционерлік қоғамның 100 пайыздық акциясының иегері «Мемлекет» деп жазып, анықтама өткізсе де бәрібір! Олардың құжаттары комиссия мүшелерінің қарауына да жатпайтын «Прочие» яғни «Әртүрлілер» деген топқа жатады. Бұл топты «Әртүрлілер» деп емес «Көңіл жықпастық» немесе «Шу шығармау үшін» деп атауды ұсынамын, өйткені құжаттарыңыз қабылданады, ал оның ешқандай нәтижесі болмайды! Соңғы төрт-бес жылда осы категорияға жататын бірде-бір адамды баспаналы болған тізімнен көрген емеспін. Нәтижесінде, талантты журналистер мемлекеттік немесе бюджеттік құрылымдарға аудармашы, хатшы болып кетуде. Бұл білікті кадрларды жоғалту деген сөз.

2) Өмірден өткен журналист ардагерлер ешкімге керек болмай отыр!Тіпті, отандық журналистиканың негізін қалаушы және қалыптастырушыларды соңғы сапарға шығарып салуда жетім қыздың тойындай өтуде. Бұл орайда ақпарат министрлігінің журналистермен қоғамдық жұмысты тығыз ұйымдастыра алмауы себеп болып отыр. Осындай ұйымдастыру жұмысы ақсап жатқандықтан зейнетке шыққан журналистер қоғамға керексіз, яғни пайдасыз саналуда.

3) Журналистикадағы сын жанрын дамыту керек, сол арқылы бәсекеге қабылеттілікті күшейтуге болады! Біздің әріптестеріміз «сын» деген сөзді «жамандау» деп түсініп, ер-тоқымын бауырына ала тулай жөнеледі.

Жалпы, қазіргі журналистер елге шығып, іс сапар барысында проблемалар шешпек тұрмақ, өзінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ете алмай отырғанда қарапайым халық кімге иек артады? Кешегі Нұрбақ марқұм болғанша соттармен жағаласып жүріп, «Әділдік іздеймін», «Редакцияға хат келді» деген айдарларда ел сенімін арқалады, Темірбек Қожакеев, Асқар Тоқмағамбетов, Сейіт Кенжеахметовтер фельетон жанры арқылы мүйізі қарағайдай тұлғалардың өзін сын найзасына іліктіретін! Қазір ше?! Сіз кімді айта аласыз, қара қылды қақ жарған тілші деп, сыншы деп?!

4) Астанада неге Баспасөз үйі жоқ? Қашанғы журналистер баспанасыз қаңғып жүрмек? Бас қалада бос тұрған көп кеңсенің бірін құжаттандырып берсе, жалға алу, төлемақы дегенді төлеуден қашпаймыз ғой.Бұл жерде әрине ақпарат министрлігінің қолдауы қажет.

Дегенмен, осы журналистер қауымы өзінің жыртығын жамай алмай отырып үйсіз-күйсіз жүрген спортшылар мен әншілерге, қарапайым азаматтарға көмек қолын созуда.

Тағы бір келеңсіздік - олимпиададан жүлделі оралған спортшы, халықаралық байқаудан сүбелі сыбаға алған әнші-бишілерді материалдық көтермелеу, тіпті пәтер кілтін тапсыру салтанаттары бар. Ал, ел абыройын асқақтатып, ұлттық мақсат пен мүддеге еңбек еткен журналистерге түк те жоқ!

Нәтижесінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарының басым бөлігі әркімнің есігін жағалап, «птичий право» құқығына ие. Бірақ, осы журналистердің араша түсуімен қаншама мәдениет, білім нысандары тістегеннің тісінде кеткен жерінен кері қайтарылды!

5) Отандық журналистиканы оқыту барысында көзі кеткен арыстарымыздың есімі айтылмайды, оларды насихаттау барысында жершілдікке бой алдыру үрдісі қалыптасып отыр. Мемлекеттік тапсырыс негізінде шығатын кітаптардың дені жыл сайын белгілі бір авторлардың еңбегімен шектеліп қалуда. Бұл баспасөздің даму барысына кері әсерін тигізуде. Мысалы, қазақ журналистикасындағы тұңғыштардың бірі саналар Нәзипа Құлжанова, Мәскеуде тұрып бар қазақты мойындатқан Тәкен Әлімқұловтардың мерейтойын ұйымдастырар жоқтаушысы неге жоқ?!

6) Қазақстанда бүгінгі таңда отызға жуық журналистік ұйымдар бар, олардың жұмыстары семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, бірін бірі құр мақтаудан аспай отыр. Бұл жерде кінәліні алыстап іздеп қажеті жоқ, басы піспей жүрген өзіміз, яғни журналистер кінәліміз.Сондықтан құр даурыға бермей, нақты шараларды қолға алу керек. Оның ішінде;

- Алдағы уақытта журналистер ұйымындағы Президентттер мен Бас директорлар журналистердің әлеуметтік қорғалуы туралы қордаланған проблемаларды біріге көтеруі қажет.

- Аты барда заты жоқ бұл ұйымдардың басын бір жерге шоғырландыру керек.

- Парламенттегі депутаттармен жұмыс тобын ұйымдастырып «Журналистердің әлеуметтік қорғалуы» туралы қолда бар Заңдарға өзгерістер немесе толықтырулар енгізу керек. Сонда ғана идеологияның құлағын ұстаған журналистер ел игілігі үшін нақты да шынайы жұмыс істей алады.

Әйтпесе, тауыққа шашқан жем секілді тиын тебен бергеніне мазақ болған журналистерді кімге теңей аламыз?

Баспанаға да, басқаға да зар, «әлеуметтік қорғалмаған» деп топқа журналистерде енді, командалық әдістен шашау шығып, жұмыссыз жүргендердің де дені жорналшылар қауымы. Заңды тұрғыда қорғалмаған да журналистер!

Сонда біз төртінші билік өкілі деген сөзге қаншалықты лайықтымыз?! Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562