ҚазСәт -2, қайырын берсін қазаққа!
16-нші шілде күні таңға жақын Қазақстанның «ҚазСәт-2» ғарыштық байланыс құрылғысын тиеген Ресейдің «Протон - М» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан аман-есен ұшырылды. «ҚазСәт -2»-нің ғарышқа сапарын Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мырза арнайы барып, өз көзімен көріп қайтты.
Қазақстанның ғарыштық елдер қатарынан көрінуге ұмтылуы һәм жеке ғарыштық құрылғысын ұшыруы қай жағынан алып қарасақ та құптарлық іс. Әрі осы мемлекеттік мақсатты жүзеге асыруда өз жерінде ғарыш айлағы бар Қазақстан өзгелерден бір саты жоғары мүмкіндікке ие деуге негіз бар.
Ғарыш - қазіргі шашасына шаң жұқпай дамып бара жатқан әлемде тұтас қауіпсіздіктің, технологияның, арзан байланыс өнімдерін тағы басқа толып жатқан дүниелердің шешуін шығарар жол. Бұл - әңгіменің күнгей жағы.
«ҚазСәт -2»-ге іштей сәт-сапар тілеп тұрып, «Ағасы «ҚазСәт - 1»-дің аяғын құшып, қаңғып кетпесе екен» деп те дұға қылдық. Ағасы дейтініміз, Қазақстандық екі ғарыштық құрылғы да Ресейдің Хрунчев атындағы мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығында жасалған. Оның алғашқысының жайы белгілі болды. Соңғысы - шексіздікке енді аттанды.

Әуелде «қатырдық» деп берген «ҚазСәт - 1» елес болып кетсе де, «аузы күйген үрлеп ішеді» дегенді сандыраққа балап, орысқа қайта барып «ҚазСәт - 2»-ні жасаттық. Ал, алдыңғы ғарыштық құрылғының өтемақысының арты сұйылып кетті. «Әй, осы мемлекеттік ақшасы-ау, азаматтардың табан маңдай терімен тауып, мемлекеті үшін төлеген салығы-ау, осыны қайтармасақ болмас», деп ойлаған тірі жан болмады. Бірер рет мәжілісте сөз болып еді, депутаттар ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтан «Мәт болды, шәт болды» деген сырғытпа жауап алды. Зәуде ғалам «ҚазСәт - 2»-нің қадамы оң болып, жұмыс істей бастаса, өтемақы туралы әңгіме тарихқа айналатын шығар.
Сонымен, «ҚазСәт - 2» ге нағыз ақжол, қазаққа қайырың тисін!
Айтпақшы, «ҚазСәт -1», «ҚазСәт - 2» -і туралы порталымыз талай мәрте мәселе қозғап, мақалалар жарияланған болатын.
http://old.abai.kz/content/deuren-kuat-kazsat-kaida-barasyn
http://old.abai.kz/content/erzhan-rakhmetov-deputat-kazsat-2-kazsat-1-din-kebin-kiyui-m-mkin
http://old.abai.kz/content/omirzhan-ebdikhalykyly-koshtaskym-kelmeidi-kazsat-2
«Абай-ақпарат»
Редакицядан ескерту!
Интернет-конференциямыздың кезекті қонағы Жангелді Шымшықов мырза оқырмандарын сауалына жауап жазу үстінде. Жауаптар келісімен жариялайтын боламыз.