Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4566 14 пікір 19 Тамыз, 2019 сағат 15:18

Бізді бүгінгі биліктен басқа да параллель орталықтар басқарады

Біздің егемен ел болу жолындағы күрес үздіксіз жүру керек. Абайша салыстырсақ, егемендік жарысында айналадағы елдердердің ең соңындамыз. Оның себептері бар. Бір емес көп.

Сондықтан бізде болмыстық құндылықтар әрдайым саяси мәселе: тіл әліппе -  саяси тақырып; жер - саяси тақырып; дін - саяси мәселе...кете береді. Себебі бізді бүгінгі биліктен басқа да параллель орталықтар басқарады. Бұл бүгінгі жаһандық сахнада типичный құбылыс.

Мысалы Түркияда да параллель билік "derin devlet" жылдар бойы басқарып келген. Сол дерин девлет үкіметті ауыстырып отырған. Керек жерінде террор ұйымдастырып елді қорқытып үрейде ұстаған. CIA Америка орталықты басқару... Кенан Еврен Революциясы соның дәлелі. Күрт сепаратизмі соның айғағы.

Қысқасы қазақ елі өз аяғына тұру үшін саяси болмыстық трансформацияны күтеді. Ол үшін мына территорияда қазақ ұлтының саны тоқсаннан асуы әрі ең кемі қырық млн болуы керек. Сырттағы қазақтар елдің азаматтығын алып үлгерсін тез арада. Отбасы ана бала орталығына осы бағытта қайта көңіл бөліну керек! Қазіргі үкімет бәрін қойып осы мәселеге ықпал жағдай жасап үлгерсе ұтамыз. Солтүстікті қазірден оңтүстік халқымен толтыруды жылдамдату шарт. Орталықты да. Сосын қоғамдық институт өте белсенді сауатты әрі көппрофильді қозғалыс жүргізуі керек. Қазіргі саяси партиялар үкіметті бақылау қалағалау сияқты өзінің функциясын да атқармайды, атқара да алмайды. Себебі "дерин девлет" бізде де бар.

Оған қарсы тұрып үздіксіз күресті халық қана атқара алады... Мен халықтың жанындамын!

Досай Кенжетайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5444