Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2019
Тағайындау 1293 6 пікір 21 Тамыз, 2019 сағат 10:42

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жаңа басшы келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біржан Нұрымбетовті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

"Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын", - деп жазылған Президент Жарлығында.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Ал үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарған Гүлшара Әбдіқалықова мәжіліс депутаты болды.

Біржан Бидайбекұлы НҰРЫМБЕТОВ 1968 жылы 19 наурызда туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Механика және қолданбалы математика» мамандығы бойынша және Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1993 – 1996 жылдар аралығында – Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы;

1996 жылы – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі;

1997 жылы – Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі;

1997 – 2008 жылдар аралығында – «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» РМКК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры;

2008 – 2009 жылдар аралығында – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы;

2009 – 2012 жылдар аралығында – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2012 – 2015 жылдар аралығында – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары;

2015 – 01.2017 жылдар аралығында – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

2017 – 12. 2017жылы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2017 жылғы желтоқсаннан – ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Abai.kz

6 пікір