Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
4121 0 пікір 2 Қыркүйек, 2019 сағат 11:03

Президент Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барады.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков пен Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін аяқтап жатқан Кәрім Көкірекбаев президент сапарына дайындық мәселелерін талқылады.

Бұның алдында Көкірекбаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Қырғыз басшысы оның жемісті жұмысына алғыс айтты. Жээнбеков Көкірекбаевтың екі елдің "стратегиялық әріптестігін, одағын, бауырлас қарым-қатынасын" нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметіне 2018 жылы ақпанда кірісті. Оған дейін Қазақстанның Қырғызстандағы дипломатиялық қызметін үш жыл Айымдос Бозжігітов басқарған.

Бішкек пен Нұр-Сұлтан Көкірекбаевтың дипломатиялы миссиясының аяқталу себебін ресми түрде хабарлаған жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2103
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4973
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4201