Сейсенбі, 31 Желтоқсан 2024
4467 1 пікір 4 Қыркүйек, 2019 сағат 12:45

АҚШ Иран ғарыш агенттігіне қарсы сакция енгізді

Құрама Штаттар Иранның ғарышты зерттейтін үш ұйымына қарсы санкция енгізді. Бұл жөнінде АҚШ-тың қаржы министрлігі мәлімдеді.

Мәселе Иран ғарыш агенттігі, Ғарышты зерттеу орталығы және аэронавтика саласын зерттеу орталығы жайында.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иран ғарыш агенттігінің баллистикалық зымырандарды дамытуда тікелей қатысы бар деді.

Құрама Штаттар Иран ғарыш бағдарламасымен жасырып, АҚШ-қа қауіп төндіретін ядролық қарулар жасап шығаруы мүмкін деп қауіптенеді.

Помпео бұл санкция Иранмен ғарыш саласында байланыс орнатқан халықаралық ғылыми қауымдастыққа ескерту деп атап өтті.

Өткен аптада Иранның Хомейни атындағы ғарыш айлағында жарылыс болғаны ғарыш арқылы түсірілді. Онда "Нахид-1" телекоммуникациялық кеме арқылы зымыран тасығыш ұшыруға дайындалған. АҚШ президенті Дональд Трамп твиттер парақшасына жарылыс болды деген орынның суретін жариялады. Ол бұл жарылысқа Құрама Штаттардың еш қатысы жоқ екенін айтқан.

Иран қазір ғарыш және зымыран бағдарламаларын жедел дамытып жатыр. АҚШ билігі Тегеранның бұл әрекеті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің баллистикалық зымырандарды жасамау туралы резолюциясын бұзып отыр деп есептейді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2127