Сенбі, 23 Қараша 2024
Бәрекелді! 6626 35 пікір 6 Қыркүйек, 2019 сағат 15:06

Қазыбек Иса: Ұлттық мүддені қорғау – мемлекеттік тілден басталады!

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев келіп қатысты.

Зиялы қауым өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, заңгер мен сала мамандарының басын қосқан Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында Мемлекеттік тіл, ұлттық мүдде, саяси реформалар секілді көптеген өзекті мәселелер көтерілді.

Жиын аясында сөз алған белгілі ақын, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса қоғамдағы ең өзекті тақырып – Мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп, Президентке елдің мұңын жеткізді.

Қоғам қайраткерінің Ұлттық кеңесте айтқан сөзін оқырман қауымға ұсынамыз:

– Таяуда 2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Экранға көз тігіп қарап отырған елдің күткен үлкен үміті ақталуда. Шешілмей келе жатқан мәселелердің шешімдері айтылып, шегелей бекітілген Жолдау қалың халықтың қызу қолдауына ие болуда. Жолдау іске асуы үшін не істеуіміз керек? Бәріміз өз үлесімізді қосуымыз қажет!

1.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің тұңғыш Жолдауында Қазақ тілінің мәртебесі туралы қадап тұрып айтты. “Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі деңгейі көтеріліп келеді. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келеді. Бұл үшін барлығымыз жұмыла әрекет етуіміз қажет”, – деді. Мемлекет басшысының Мемлекеттік тілімізге баса назар аударуы елдің ерекше ықыласын оятып, ұлт зиялылары өз үндерін қосуда.

Иә, Ұлттық мүддені қорғау – мемлекеттік тілден басталады!

Қазақстан Президенті айтқандай, «Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін барлығымыз жұмыла әрекет етіп», барлық жерде мемлекеттік тілді міндеттейтін Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауымыз керек! Ол үшін Атазаңда Мемлекеттік тіл өз мәртебесін жеке дара иеленуі үшін 7-баптың 2- тармағын алатын уақыт жетті. бұл Халық талабын алдымен Қазақстан Халқы Ассамблеясы қолдауы тиіс! Парламентіміз, қоғамдық-саяси күштер, зиялылар қауымы қайрат көрсетуі керек! Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзіңіз ақ батаңызды берсеңіз «Ақ жол» партиясы Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын жасауға дайын.

2.Мемлекеттік тілдің мемлекеттік деңгейде дамуы үшін және тиісті заңдардың орындалуын қадағалау мақсатында тікелей Президентке қарайтын Тіл агенттігі құрылғаны тиімді деп білеміз.

Abai.kz

35 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340