Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4122 6 пікір 16 Қыркүйек, 2019 сағат 12:15

Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін неге қосып тастаған?!

Филолог болып істейтін бір қыздан сұмдық нәрсе естідім. Басында мән берген жоқ едім, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін қосып тастағанын естігенде, төбе шашым тік тұрды. Оның өзін жіп-жіңішке бір кітапқа сыйғызып жіберіпті. Отбасы туралы бір мәтінді талқылапты да, оның астында Мұхтар Омарханұлының өмірбаяны мен «Абай жолына» шағын рецензия беріпті, бітті!

Біз оны үшінші курста оқығанбыз. Ұлтқа жасап жатқан қастандық па, не бұл? Қазақ тілі мемлекеттік тіл саналатын елде екі пәнді – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін бөлек оқытуды алып тастап, неге екеуін қосып, қысқартып тастаған?! Не жыларымды, не күлерімді білмей отырмын. Мынау нағыз ұлтқа қарсы жасалып жатқан жымысқы жұмыс қой! Министрліктен осыған жауап беретін бір адам бар ма?

Тексеріп көрдім, орыс тілі мен орыс әдебиетін сол күйі бөлек-бөлек оқытып жатыр екен...

Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475