Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
2664 0 пікір 17 Қыркүйек, 2019 сағат 08:59

Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулиньді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағының инфокоммуникациялық технология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстанда жаңа инновациялар мен технологияларды дамытуға және енгізуге баса мән берілетінін атап өтті. Мемлекет басшысы өңірде заманауи инфокоммуникациялық инфрақұрылым құрудың маңыздылығын айтты.

Чжао Хоулинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық электр байланысы одағы қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Президентке өзі басқаратын одақтың 4G және 5G сияқты телекоммуникациялар мен қызмет көрсету саласы бойынша әзірлеп жатқан халықаралық стандарттары жөнінде айтты.

Халықаралық электр байланысы одағы Бас хатшысының бағалауынша, Қазақстанда блокчейн, Big Data технологияларын, жаңа сандық қаржы құралдарын пайдалануға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, білім беру және денсаулық сақтау салаларында, мемлекеттік басқару ісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге жақсы мүмкіндіктер жасалған деп санайды.

Кездесуге Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов, Халықаралық электр байланысы одағының өңірлік өкілі Кирилл Опарин қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2072