Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
3046 1 пікір 17 Қыркүйек, 2019 сағат 17:20

Өзбекстан Түркі кеңесіне кірді

Президент Шавкат Мирзияев «Өзбекстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі жөніндегі Нахчыван келісімін ратификациялау жөніндегі» заңға қол қойды.

Түркі кеңесі 2009 жылдың қазан айында Әзербайжанның Нахичеван облысында құрылды. Сонда Түркітілдес елдердің мемлекет басшылары Ынтымақтастық кеңесін құру жөнінде келісімге қол қойған.

2018 жылдың сәуір айында Түркия президенті Режеп Ердоғанның Ташкентке сапары кезінде Шавкат Мирзияев Өзбекстан Түркі кеңесіне кіреді деп мәлімдеген.

Өзбекстан басшылығы 2018 жылға дейін әлемдегі түркітілдес алты мемлекеттің бас қосуына барған емес.

Былтыр қыркүйек айында Қырғызстанда өткен саммитке өзбек президенті құрметті қонақ ретінде бірінші рет қатысты.

«Біз Түркі кеңесі аясында өзара тиімді болатын ынтымақтастыққа мүдделіміз. Елдің болашағы үшін бұл шараға алдағы уақытта да қатысуға дайынбыз», - деген Мирзияев Шолпан-атада өткен саммит кезінде.

Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті 2010 - 2015 жылдар арасында жыл сайын өтіп келді. 2015 жылғы саммит Қырғызстанда өтуі керек болған. Бірақ сол кездегі қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың Түркия және Қазақстан басшыларымен қарым-қатынасы суығаннан кейін саммиті өткізуден бас тартқан.

2017 жылдың күзінде сайланған Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков 2018 жылғы саммиті елінде өткізу жөнінде бұйрық шығарды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2064