Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
3626 0 пікір 20 Қыркүйек, 2019 сағат 14:59

ЮНИСЕФ: 2018 жылы 29 миллион бала жанжал аймақтарында дүниеге келді

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) мәліметі бойынша, өткен жылы жанжал ошақтарында, соның ішінде Ауғанстан, Сомали, Оңтүстік Судан, Сирия және Йеменде 29 миллионнан астам бала дүниеге келген.

Қор есебі 20 қыркүйекте жарияланды. Онда өткен жылы дүние есігін ашқан әрбір бесінді бала алғашқы тынысын аса қауіпсіз, соғыс зардабын әбден тартқан, тұрмыс жағдайы өте нашар ортада алған.

ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Форенің айтуынша, көптеген елде жанжал ошақтарына айналған аудандарда ата-аналар мен балалар өмірге қажетті қызметтер көрсетіле бермейді.

"Әрбір ата-ана нәрестенің дүние есігін ашқан алғашқы сәтіне қуануы керек, бірақ жанжал ошағындағы миллиондаған отбасы нәрестенің дүниеге келуін үреймен қарсы алуға мәжбүр", - деді Генриетта Форе.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2114
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4987
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4229