Жексенбі, 10 Қараша 2024
3063 0 пікір 23 Қыркүйек, 2019 сағат 11:48

Сыр өңірінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөнінде «Жол картасы» әзірленді

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетовтың кәсіпкерлік субъектілерімен кездесуі өтті. Жиында бизнес саласының өзекті мәселелері талқыланып, кездесу қорытындысымен Жол картасына қол қойылды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Сыр өңірінде «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жобасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатқаны мәлім. Биыл бұл мақсатта әртүрлі қаражат көздерден 34 млрд теңге бөлініп, арнайы «Жол картасы» бекітілді. Оның ішінде, 5 млрд. теңгеден астам қаражат мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдауға, қайтарымсыз гранттар беруге және шағын несиелермен қамтамасыз етуге бағытталған.

– Бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бағытында Орталық инженерлік желілерге техникалық шарттарды электронды форматта ұсынуда. Қазіргі таңда, жер телімдерін алу рәсімдері электронды нысанға көшірілген. Облыс әкімдігінің Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Өңірлік кәсіпкерлер кеңесімен 2013 жылдан бастап тығыз жұмыс істеп келеді. Бүгінге дейін Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің 20 отырысы өткізіліп, шағын және орта бизнес саласында 50-ге жуық мәселелер қаралып, оң шешімін тапты, - деді аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, оларға барынша қолдау көрсету мақсатында алдағы уақытта атқарылатын шаралар бойынша облыс әкімдігі Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдігімен бірлесіп 8 тармақтан тұратын арнайы Жол картасы әзірленіп, бүгінгі кездесуде бекітілді. Кездесу барысында облыс әкімі:

– Сіздердің кәсіпкерлік ортаны дамытуға қатысты қандайда бір идеяларыңыз болса, біз оларды бірлесіп талқылауға дайынбыз. Осы қабылданған және алдағы уақытта қабылданатын шаралардың барлығы өңір бизнесінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады деп ойлаймын, - деп атап өтті.

Айта кетейік, Сыр өңірінде кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі ретінде 2013 жылғы 8 қазанда құрылған. Кәсіпкерлік палатасы бизнесті қолдау және қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқару үстінде. Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ бизнестің жүйелі жүргізілуі үшін кәсіпкерлерді заңнамалық және өзге де нормативтік ережелердің қалыптасу процесіне кеңінен қатысуына жағдай жасайды. Кәсіпкерлер палатасының қызметі - Қызылорда облысының іскерлік және инвестициялық тартымдылығын арттыру, бизнестің дамуы үшін тиісті шаралар қабылдау.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1167
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2743
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2781