Қызылордалық боксшы ел қоржынына қола медальді салды
Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық (Қызылорда облысы) Тұрсынбай Құлахмет қола медаль еншіледі, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
75 келі салмақта өнер көрсеткен қызылордалық спортшы жартылай финалда филиппиндік Эумир Марсиальмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтылды.
Тұрсынбай Құлахмет өткен жылы Жазғы Азия ойындарында бақ сынап, Азия чемпион атанған болатын. Биыл әлемдік бәсекеде алғаш рет қатысып, қола медальға қол жеткізді.
Abai.kz