Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4568 9 пікір 27 Қыркүйек, 2019 сағат 11:38

Қазақстан Өзбекстанға мал сатуға тыйым салады

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Өзбекстанға мал экспорттауды шектейді деп хабарлады "Қазақпарат" агенттігі.

Қазақстан парламенті аграрлық мәселелер жөніндегі комитет отырысында Әлі Бектаев еттен көрі, мал экспорты жоғары екенін айтқан.

"Биыл мал экспорты екі есеге өсті. Бізге бұл бағытта экспорттау саясатын өзгерту керек", - деді сенатор.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бұған қатысты шара қолданыла бастағанын мәлімдеген. "Республикада 78 жемдеу орталығы бары анықталды. Олар малды негізінен Өзбекстанға экспорттайды. Біз олардың шамамен 50 пайызына тыйым салуды көздеп отырмыз", - деді министр.

Депутаттар мал экспорттауға мүлдем тыйым салуды ұсынды деп хабарлады "Қазақпарат".

Gazeta.uz мәліметі бойынша, биыл қаңтар-маусым айларында Өзбекстан 72,2 мың ірі қараны 59,3 млн долларға сатып алған, соның 84 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2039