Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
2996 4 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 12:00

ІІМ: Алматы полициясы бастығының ұлының өліміне қатысты істе қысым болмады

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ мен прокуратураның Алматы полициясы департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтанның өліміне қатысты тергеу ісіне еш қатысы жоқ деп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, істі Экономикалық тергеу қызметі жүргізіп жатыр. Ал міндетін орындауда салақтық танытты деп дәрігерлерді қамау туралы шешімді сот шығарған.

Журналистердің "Күдебаевтың бұл іске ешқандай қытысы жоқ па?" деген сұрақтарына, "қатысы жоқ" деп жауап берді. Ал "тергеу ісі аяқталғанша, Күдебаевты уақытша қызметінен аластатуға болмайды ма?" деген сұраққа ішкі істер министрі "ІІМ тарапынан, Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура тарабынан ешқандай тергеу болған жоқ... <…> Министрлік тарапынан да ешқандай қысым болмады",- деді.

Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың Алатау ауданында прокурордың орынбасары болып жұмыс істеген 29 жастағы ұлы Нұрсұлтан Күдебаев тамыз айында Германия ауруханасында көз жұмған. Оған алдын Алматы қалалық № 4 ауруханада операция жасаған. Ол қалада квадроцикл айдап келе жатқанда апатқа ұшыраған.

Қыркүйек айының басында Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты хирург Қанат Тезекбаев пен анестезиолог-реаниматолог Асқар Тұңғышбаев қамауға алынды. Бұл олардың әріптестері мен туыстарының ашуын туғызған. Кейін бұл іске ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араласып, 25 қыркүйекте олар елден кетпеу жөнінде қолхат беріп, бостандыққа шығады.

Тезекбаевтың әйелі тергеу абақтысында күйеуінің шашын қырып алыс тастағанын айтып, ол моральдық тұрғыда жәбір көрді деп мәлімдеген.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031