Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5191 10 пікір 3 Қазан, 2019 сағат 11:35

Салафиттердің саясатта не ісі бар?

...Еркін жүріп-тұрғандарына, зал толы адам жинап көсіле сөйлеп жатқандарына қарағанда мүдделі топтардың, яғни мемлекетті басқарып отырған жүйенің қолдауы бар екенін аңғару қиын емес. Егер жүйенің күні соларға түссе шынында жағдайлары қиын деген сөз.

Тығырықтан шыққыларыңыз келсе ең оңай жолы саяси партиялардың құрылуына жол ашу. Бәсекеге түсу. Мықты болсаң жеңесің. Әлсіз болсаң кетесің. Бәсекелі саяси жүйеде сен кетсең орныңа сауатты басқа бір саяси партия келеді. Мемлекетті ыдыратпай, жоғын түгендеп басқара білетін альтернатива болады. Міне мұндай саяси жүйесі бар елдің келешегі үшін алаңдамауына болады.

Ал, сәл өзгеше ойлайтынның бәрін арандатушы, тұрақтылықты бұзушы деп томаға-тұйық бағытта халықты тұншықтырып ұстау дұрыс жол емес. Мұндай жүйеде билік партиясының өзі бәсекенің жоқтығынан елді тиімді басқара алмайды. Не өзінен кейін келетін сауатты алтернатива партияның құрылуына да жол бермейді. Халық әбден жалығып елден қуып шыққанда альтернативаның болмауы себепті кім көрінген билікке келеді. Сондықтан ашық бәсекелі жүйе қажет. Өзгеше ойлайтынның бәрі жау емес. Мықтылар шықсын. Шынайы бәсекеде күштісі жеңсін. Бүкіл әлем осы бағытта дамуда. Қорқатын ештеңе жоқ. Біз де сол жолға түсуіміз қажет.

Бүгінгі ойынның бәрі әйтеуір билікте ұзақ қалудың, білікті саясаткерлерді тұншықтырып ұстаудың амалы. Басқа ештеңе емес... Бізді ешқашан бәсекеге шықпайтын, тіпті саяси дебатқа түспейтін президент, саяси элита, саясаткерлер басқарып келді. Басқарып жатыр. Диван батырлар солар негізі. Саяси алаңда, бәсекелі ортада емес, диванда, жылы жерде, комфортный зонада отырып әкімшілік күшпен ел басқаруға машықтанған.

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578