Жексенбі, 24 Қараша 2024
4145 6 пікір 7 Қазан, 2019 сағат 10:32

Мен Сталиннің жақтаушысы емеспін, дегенмен, оның пікірімен келісемін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында 3 қазанда Сочиде "Валдай" форумына қатысқаны жайлы баяндады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

"Жуырда Сочиде өткен Валдай форумында әлемдік саясаттағы Шығыс пен Еуразияның рөлі туралы қызу пікірталас өрбіді. Сонда Қазақстанның да, Ресейдің де Азия мен Еуропаның ортасында жатқан еуразиялық мемлекеттер екенін мәртебелі сарапшылардың естеріне салуыма тура келді. Біз географиялық жағынан да, тарихи тұрғыдан да, менталдық ерекшелігімізбен де байланғанбыз. Осының бәрі саясатқа, өмір салтымызға, халықтарымыз бен мемлекеттеріміздің тағдырына ықпал етеді", - деп жазды ол.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Иосиф Сталиннің өмірбаянынан мысал келтірді. "1940 жылы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдайды. Сонда Сталин Жапонияның Совет Одағына шабуыл жасауы ықтимал екенін біле тұра, "Біз, азиаттар, бірге болуымыз керек" деген екен. Әрине, мен Сталиннің жақтаушысы емеспін, дегенмен, оның пікірімен келісемін: біз, еуразиялықтар, бірге болуымыз керек", - деді Президент.

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588