Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
4505 6 пікір 7 Қазан, 2019 сағат 11:21

Көпбалалы отбасыларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі

Көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты

Оның атап өтуінше, министрлік атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Басты бағыт - еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету.

«Ұсынылған шаралар кешенді түрде қаралуы қажет. Сондықтан ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар көпбалалы аналарды қолдауды, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын болады», - деді ол.

Министр дерегінше, атаулы әлеуметтік көмекті алатын балалардың 60 пайыздан астамы көпбалалы отасылардан шыққан.

«Осыған байланысты АӘК алу үшін көпбалалы отбасылар құрамындағы балаларға табысқа қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыруды ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыру жолы болар еді. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған АЕК-ке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылады», - деді Б.Нұрымбетов.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2018