Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
2435 1 пікір 9 Қазан, 2019 сағат 10:24

Сенат баяндамасы Ресейдің АҚШ сайлауына араласқанын растады

АҚШ сенатының барлау жөніндегі комитеті Ресейдің Америкадағы қоғамдық пікірге әсер ету үшін әлеуметтік желілерді қолданғаны туралы баяндамасын жариялады.

Баяндама авторы Кремль қолдаған «троллдар фабрикасы» президенттікке үміткер Дональд Трамптың танымалдылығын арттырып, оның қарсыласы болған Хиллари Клинтонды жаманатты ету мақсатында қызмет етті деп есептейді.

8 қазанда жарияланған баяндамада Ресейдің "Интернет зерттеулер агенттігінің» жұмысы бүгінгі күнге дейін жалғасып жатқан ақпараттық соғыстың бір бөлігі болып отыр. Онда жұмыс істегендер Құрама Штаттардың саяси және қоғамдық ортасында жанжал туғызып отырған.

Бас кеңсесі Санкт-Петербург қаласында жайғасқан және «троллдар фабрикасы» деген атаумен белгілі «Интернет зерттеулер агенттігіне» Кремльге жақын кәсіпкер Евгений Пригожин иелік етеді. Бұл агенттік жөнінде Ресейдің АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысы болуы мүмкіндігін зерттеген арнайы прокурор Роберт Мюллердің баяндамасында бірнеше рет көтерілген.

Вашингтон АҚШ-қа қарсы бағытталған әрекеттері үшін "троллдар фабрикасына" қатысы бар бірнеше заңдық және жеке тұлғаларды, оның ішінде Пригожинге қарсы санкциялар енгізген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2032