Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
4795 1 пікір 10 Қазан, 2019 сағат 11:10

Солтүстік Қазақстанда XIV ғасырға жататын 7 мавзолей орны табылды

Аталған ашылым орта ғасырда Солтүстік Қазақстанда қала мәдениеті болған деген академик Әлкей Маргұланның жорамалын нақты дәлелдеп отыр.

Бұл  туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов өз Instagram парақшасында:

«Археология әлемінен бізге тарихи жаңалық келіп жетті. Уалиханов ауданынан археологтар XIV ғасырға жататын 7 мавзолей орнын тапты. Ғалымдардың айтуы бойынша Алтын Ордалық бұл қабірстанда Жошы әлеулетінің ұрпақтары жерленген екен. Сонымен бірге алтын әшекейлер, шеберханалар орны, ұсталық пештер мен керамикалық ыдыстар әм арық іздері табылып отыр», - деп жазды.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ және "Margulan centre" бірлескен археологиялық экспедициясы осылайша еліміздің орта ғасырлық тарихына елеулі үлес қоса білді.  Олардың ішінде есімдері ТМД мен әлемге мәшһүр Үржар ханшайымын тапқан Тимур Смагулов пен Ботай мәдениетін жаһанға танытуға атсалысушы Анатолий Плешаков сынды археолог ғалымдарымыз бар.

Иә, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов сөзімен айтсақ, Алтын Орданың  750-жылдық мерейтойы қарсаңындағы рухани және мәдени маңызы бар оқиға. Солтүстік аймақтарға көз алартушы империялық амбициядағы ТМД ғалымдардың аузына ендігі жерде топырақ құйылатын шығар!?

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2029