Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3065 9 пікір 10 Қазан, 2019 сағат 13:43

Президент: Компаниялардың атауы қазақ тілінде болу керек

Бизнеске кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды жою қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бизнеске кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды жою қажет. Кәсіпкерлер үшін инженерлік желілерге қосылу айтарлықтай проблема болып отыр. Жер учаскелерін жалға беру аукциондарында коммуникацияларға қосылуға техникалық мүмкіншіліксіз жиі ұсынылып жатады. Немесе құрылыс барысында бұрын берілген шарттар өзге шартқа өзгертіледі. Мысал келтіре кетейін, «Premium Development Life Park» ЖШС-да электр көзіне қосылуда проблема болды. Атауы өте қызықты екен. Жалпы, бұл компанияның атауы неліктен қазақ тілінде болмайды? Біз жаңа компанияларымызды ең алдымен, қазақ тілінде атауымыз керек. Бұл мәселені назарға алу керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының дерегінше, аталған компания қосылуы тиіс электр желісі «Сарыарқа» велотрегінің аумағында болған. Ал велотрек басшылығы компанияны өз аумағына жібермеген.

«Велотрек басшылығы жоғары вольтты жабдықтар мен кабельдерді «Астана РЭК» АҚ-ның балансына беру қажеттігін айтқан. Осындай әуре-сарсаңның салдарынан жеке қаражатқа салынған жалпы ауданы 30 мың шаршы метрді құрайтын 340 пәтерлік тұрғын үй 8 ай бойы пайдалануға берілмеген. Бұл – жол беруге болмайтын жағдай деп есептеймін. Бөлінген учаске барлық желілерге қосылып, дайын болуы тиіс. Алтай Сейдірұлы, инженерлік желілерге қосылу мәселесін тәртіпке келтіру қажет», – деді ҚР Президенті елорда әкімі Көлгіновке қарата.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031