Жұма, 22 Қараша 2024
Біздің шенеунік 6804 11 пікір 14 Қазан, 2019 сағат 18:09

Божко депутаттыққа лайық па?

Қоғам белсенділері Мәжіліс депутаты, онда да Мәжілістің кіші спикері, бұрынғы министр Владимир Божконы "әлеуметтік азардықты қоздырды" деп айыптап, депутаттық өкілетін тоқтатуды талап қылыпты. Бұл туралы елішілік ақпарат құралдары жазды.

Ертең, яғни 15 қазан күні Алматыда қоғам белсенділерінің баспасөз жиыны өтеді екен. Жаңағы депутат Божконың мәселесі сол жиында сөз болмақ көрінеді. Дәлірек айтсақ, қоғам белсенділері депутат Владимир Божконы депутаттық мандаттан айыруды талап етіп, Қазақстан Президентіне, Елбасына, Мәжіліс төрағасына, ОСК төрағасы мен ҰҚК басшысына үндеу жасамақ.

БАҚ-та тараған баспасөз баянында осылай деп хабарланған екен.

"Мәжіліске "ҚР орыс, славян және казак ұйымдары" ЗТБ ұсынуымен, ҚХА тізімімен өткен Божко Владимир Карповичті қызметтік тексеріс жүргізу қажеттілігі және оның депутат кезіндегі сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттері қоғамдық наразылықты, әлеуметтік араздықты, тудырғаны т.б. үшін құқыққорғау органдарына жүгінуге байланысты ҚР Мәжілісі депутаты өкілеттігінен, сондай-ақ, "ҰҚК генерал-лейтенанты" арнайы атағына берілетін жеңілдіктерден айыру", мәселесі сөз болады деп жазылған.

Ақпаратта баспаөз жиынына кімдер қатысатыны да жазылыпты. Олар:

Асылхан Артықпаев, "Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдарының Координациялық кеңесі" ЗТБ төрағасының орынбасары;

Василий Резван, Заңгер;

Михаил Киндалев, "Қазақстанның орыс бірлестігі" РҚБ төрағасының орынбасары;

Виктор Таранов, "Қазақстанның казактар бірлестігі ҚБ" ЗТБ жетекшісі, атаман;

Хасен Қожа-Ахмет, Қазақстанның славян-түрік берлігі қозғалысының төрағасы, "Азат" Қазақстанның азаматтық қозғалысы.

Владимир Божкоға қарата бұндай айыптаудың туындауы тегіннен-тегін емес. Миына келген оқыс ойларын ойланбастан айта салатын депутат мырза соңғы кездері еркінсіп-ақ кетті. Сондықтан да әрбір мәлімдемесі үшін дау-дамайдың астында қалады.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қыркүйек күні Мәжіліс депутаты Владимир Божко Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысынан соң елдегі әлеуметтік көмек алушылар туралы екі ауыз пікір айтып, ел-халықтың ашуын тудырған еді. Ол кезде Божко: "тізерлеп тұрып мемлекетке рахмет айтулары керек" деген еді. Кейін  ол тіпті өз сөзі үшін халықтан кешірім сұрамайтынын ашық жеткізген.

Божконың бұдан өзге де "бейпіл сөздері" жетіп артылады. Ол Украиналық саясаткерді «жезөкшеге» теңеді. Ол қазақ тілін үйренбейтінін, мемлекеттік телде сөйлемейтінін ашық айтты. Ол министр болған тұста табиғат апаттарынан, өлім-жітімнен қорқудың қажеті жоқ екенін айтқан. Оның айтуынша, елде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатады. Демек, құрылыстың аты құрылыс: бірлі-жарым адам құламай, сүрінбей тұрмайтын көрінеді. Алматыда базар көп. Соған сай, көп базар әредік өртеніп тұруы қажет екен.

Ал 2017 жылы Божко "ауыл жастарын қалаға кіргізбеу керек" деген сыңайда пікір білдірген. Оның бұл сөзі де қалың халық тарапынан қарсылыққа ұшырап, қызу талқыланған.

Одан да сәл ертерек, 2016 жылы ол украиналық саясаткер Ирина Фарионға тіл тигізген еді. Ресей мен Украина арасындағы жағдайды мысал еткен ол Фарионның мәлімдемесін сынға алды. "Тарих әлгі жезөкшені, Фарионды орнына қойып береді деп үміттенемін. Әрине, кешірім өтінемін, ол "Украинада орысша сөйлейтіндер адам емес, олардың құқығы жоқ, орысша әндерді тыңдайтын таксистерге айыппұл салу керек" - деген еді.

Жасы жетпіске жетсе де сөзден сүрініп, тілінен таяқ жеп жүрген Божконың бүлінуі бұл ғана емес. Демек, мемлекеттік қызметкердің этикасына жат пікірлерімен танылған депутатқа қызметтік тексеріс жүргізілуі керек деген қоғам белсенділерінің ұсынысы жөн-ақ...

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321