Жексенбі, 24 Қараша 2024
3360 0 пікір 16 Қазан, 2019 сағат 10:47

Назарбаев Бакудегі саммитте Түркі әлемінің орденімен марапатталды

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне қатысты.

Бұл туралы 15 қазанда ресми басылымдар жазды. Бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай кеңес жиынында Назарбаев Түркі әлемінің орденімен марапатталғанын хабарлады.

Ал Назарбаев саммитте сөйлеген кезде кеңестің атын «Түркі мемлекеттерінің ұйымы» деп өзгертуді ұсынды.

Қазақстандық ақпарат агенттіктерінің жазуынша, Бакудегі жиында Назарбаевқа «Түркітілдес елдердің кеңесінің өмір бойғы құрметті төрағасы» атағы тапсырылуы тиіс. Назарбаевқа бұл атақты беруді мамырда Түркия ұсынған.

Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы қазанда құрылған. Ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мүше. Биыл қыркүйекте Өзбекстан ұйымға мүше болуға өтініш берген. Былтыр Қырғызстанда өткен саммитте ұйымға бақылаушы ретінде Венгрия қосылған. Сол жиында төрағалық Қырғызстаннан Әзербайжанға өткен.

Қазақстанды 30 жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурызда президент өкілетін тоқтататынын мәлімдеген. Бірақ «Нұр Отан» партиясының лидері және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде биліктің бір бөлігін өз қолында ұстап отыр.

Назарбаевтың заңмен бекітілген «елбасы» статусы бар. Бұл статусқа сай, Назарбаев пен оның отбасы қандай да бір қылмыстық я әкімшілік жауапқа тартылмайды.

Наурызда президентіктен кеткен Назарбаевқа «құрметті сенатор» және Еуразия экономикалық одағының құрметті төрағасы атағы берілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650