Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2480 0 пікір 9 Тамыз, 2011 сағат 17:31

Баспасөз айдынында – «Уақыт»

Қазақ баспасөзінің қуатты болғаны қоғам үшін қажет. Осы ретте елімізде жаңадан ашылып жатқан газет-журналдар өз оқырмандары­ның сұранысын қанағаттан­дырып, оларға қажетті ақпаратты дер уағында жеткізіп отыруға мүдделі. Ақпараттар ағыны толассыз ағылған кезеңде бәсекелес­тікке қабілетті басылымдар ғана өміршең болмақ. Жа­қын­да Астана қаласында «Уақыт» атты жаңа қазақ басылымы көпшілікке жол тартты. Газеттің бас редак­торы - Талғат Балтабаев. Ал­ғаш­қы таралымы - 11 мың дана.

«Бұл газетті шығарудағы біздің мақса­ты­мыз - басқалардан озу немесе өзгелерді қайталау емес. Біз қазіргі уақыттың ағы­мына қарай еңбектенбекпіз. Яғни біздің басылым бетінде қазіргі саясат та, экономи­калық мәселелер де, елімізде болып жатқан сан түрлі оқиғалар да жан-жақты талқыланып, сарапталып отырмақ. Біздің басты ұстанымымыз - ұлттық рухты көтеру, тіл және дін тақырыбындағы жетістіктер мен кемшіліктерді үзбей жариялап отыру, түрлі тақырыптардағы шығармаларды көп­шілікке таныстыру болып табылмақ», - дейді басылымның бас редакторы Т.Балтабаев.

Тұсауы кесіліп, томағасы сыпырылған жаңа басылымға сәтті қадам тілейміз!

Автор: Өз тілшіміз

http://alashainasy.kz/culture/26376/

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2394
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4056