Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
2084 0 пікір 8 Қазан, 2019 сағат 21:28

Қызылордада қала күніне орай көпбалалы отбасы баспаналы болды

Қызылорда қаласы күніне арналған мерекелік іс-шаралар «YOUTH FORMULA» - жастық шақтың формуласын сезін!» атты мерекелік шарамен жалғасын тапты.

Мерекелік шара балабақшалардың, ерікті жастардың, қоғам белсенділерінің, этномәдени ұйымдардың, өңір спортшыларының, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен "Достық үйінен" жастар карнавалымен бастау алды.

Жиналған қауымға балаларға арналған өрнектелген қоларбалар көрмесін таныстырып өтті. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлерінің және дәстүрлі мерекелік киімдерін киіп, түрлі аспапта ойнау арқылы «Жанды арбат» бойын мерекеге бөледі. Жалпы 100-ден аса қатысушыны қамтыған жастар карнавалы қала тұрғындарын қызықты мәдени көпшілік шаралар орталығына апарды.

Орталық алаңда асық ату, "Workout" спорттық сайыстары, жас отбасылар арасында "Толағай" спорттық сайысы, қарапайым достыққа баулитын «Біз де бала болғанбыз» атты ескіден қалған аула ойындарына қатысуға ниет білдіруші қала тұрғындары арасында сайыс өтті. Сайыста жеңіске жеткен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара одан әрі, «LIVE ARBAT» жастар концертімен жалғасып, студенттердің бірі ән шырқаса, бірі түрлі аспаптарда ойнап Орталық алаңды ерекше реңге бөледі.

Сонымен қатар, шараға арнайы қала әкімінің орынбасары Бектас Нуриддинов пен «Абзал и К» ТС директоры Мағжан Ералиев қатысып, көпбалалы отбасыға тосын сый жасады.

«Абзал и К» ТС көпбалалы отбасыға қалалық әкімдік пен "Атамекен" ҰКП қолдауымен жүзеге асып жатқан «Менің атамекенім» әлеуметтік жобасы аясында 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

Бақытқа бөленген отбасының үлкені, 5 немеренің әжесі демеушілік көрсеткен кәсіпкер «Абзал и К» ТС директоры Мағжан Абзалұлына жомарттықтың шынайы үлгісін көрсетіп, күтпеген сый жасағаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Кәсіпкердің бұл отбасыны таңдауына жас маман Нұрболат пен жұбайы Ботагөздің мектеп жасындағы екі ұл және үш жасар үшем – Хадиша, Райяна және Айшаны тәрбиелеп, жалдамалы пәтерде тұрып жатқандығы түрткі болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2032