Жексенбі, 24 Қараша 2024
3410 0 пікір 29 Қазан, 2019 сағат 12:31

ИМ лидері әл-Бағдадидің денесі теңізге тасталған

Сенбі күні Сирияда өлтірілген "Ислам мемлекеті" террористік тобының лидері Әбу Бакр әл-Бағдадидің денесі теңізге жерленді. Бұл жөнінде CNN Пентагонның екі өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.

Әл-Бағдади сенбі күні Сирия мен Түркияның шекарасында болған арнайы операция кезінде қаза тапқан. Жексенбі күні АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайен NBC каналы арқылы ИМ лидерінің денесі 2011 жылы өлтірілген Усама бен Ладеннің денесі секілді теңізге тасталады деп мәлімдеді. Бұл террористік жатқан жерін жақтастары тәу етуге айналдырмас үшін, әдейі осылай таңдау жасалған.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп әл-Бағдадиді өлтіру операциясы кезіндегі видеоны жариялауға уәде берген. Трамп туиттерге операцияға қатысқан иттердің суретін жариялады.

АҚШ штаб басшыларының бірлескен комитетінің төрағасы Марк Милли брифинг кезінде операция кезінде түсірілген суреттер мен видеолар құпиясыздандыру процесінен өтіп жатқанын, бұл бірнеше күннен кейін аяқталатынын жариялады.

Дүйсенбі күні әл-Бағдадидің өліміне қатысты бірнеше мәліметтер белгілі болды.

Миллидің сөзінше, операция кезінде екі адам тірідей ұсталған. Бірақ олардың кім екені әзірге жарияланбайды.

Әбу Бакр әл-Бағдади 1971 жылы Ирактың Самарра қаласында туған. Дін ілімін оқыған. 2004 жылы америкалық әскери тарапынан ұсталған. Бостандыққа шыққаннан кейін, жиһадшыларға қосылды. 2014 жылы өзін барлық мұсылмандардың лидері — халифпін деп жариялады. Ол құрған "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы Ирак пен Сирияның біраз жерлерін басып алған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560