Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6951 0 пікір 20 Маусым, 2014 сағат 10:35

Жер дауы. Алматы облысы әкімдігі: Үйді заңсыз салған

28 мамыр күні Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округінің Кемертоған елді-мекеніндегі жер дауы мәселесі бойынша тұрғындардың Алматы облысы әкімі Аңсар Мұсахановқа жазған ашық хатын жария еткен едік. Ал, бүгін редакциямыздың поштасына Алматы облысы әкімінің орынбасары Т.Досымбековтен тұрғындар тарапынан жазылған жайға байланысты түсіндірме хат келіп түсті.

Хаттың толық нұсқасын төменде жариялап отырмыз.

Ескерте кететін бір жайт, облыс әкімі орынбасарының атынан жолданған хатта тұрғындар шаруашылық жүргізу нысанындағы жерге үйді заңсыз салғаны әрі қазіргі уақытта қала сыртына қарай ұзартылып жатқан Рысқұлов, Сайын, Абай көшелері және үлкен Алматы айналма жолдары салынаты туралы айтылады. Алайда, Кемертоған ауылы тұрғындарының ашық хатында: «Бұл жолдар болашақта қаладан келіп өтетін Рысқұлов, Ақын Сара көшелеріне, айналма жолдарға ешқандай қатысы жоқ» делінген еді. Сонда жер дауына түрткі болып отырған қандай жол? Рысқұлов, үлкен Алматы айналма жолы сияқты ірі жолдар ма әлде ауыл ішіне түсетін кіші жолдар мәселесі ме?

Осы мәселеге қатысты abai.kz ақпараттық порталының тілшісі журналисттік зерттеу жүргізіп жатыр. Материал алдағы уақытта жарық көретін болады.

Abai.kz


0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354