Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6835 0 пікір 9 Ақпан, 2015 сағат 10:38

Тоқтар ЖАҚАШ. АЗАМАТТЫҚ АЛУ – БАНАН САТЫП АЛУМЕН ТЕҢ

Сарыағаштағы оқиға – жемқорлық жайлаған тағы бір мемлекеттік саланың өзекті мәселесін алдымызға қойып отыр. Ол - көші-қон полициясы. Қанды оқиғаның салдарын тиісті орындар анықтай жатар. Ал оның себептері тым әріде жатыр. Оны анықтау үшін бір сәт «Сарыағаштағы тәжіктер қайдан келді?» деп өзіңізге сұрақ қойып көріңізші. Анығын білмеймін. Бірақ Өзбекстанда тәжіктерді ықылым заманнан шеңгелдеп ұстайды. Біздегідей алшаңдай алмайды. Самарқандағы тәжіктің жартысын «өзбек» етіп жазып жіберген. Меніңше, мыналар сондай қысымнан қашып келген секілді. Қазақстан – аса толерантты және мұнда өзге ұлттың бір ауылда ұйысып отыруына мүмкіндік бар. Азаматтық алу – базарға барып банан сатып алумен тең!

Жақында түстенуге бір дәмханаға кіргем. Адам көп екен. Әлден соң, бос орын таппаған жас жігіт қасымдағы орындыққа отыруға рұқсат сұрады. Жас шамасы отызға жетпеген, қараторы, түрі ұйғырға ма, өзбекке ме келеді екен. Екеуміздің әңгімеміз лезде жараса кетті. Қызығушылығыма салып сұрай бастадым. «Ұйғырсың ба? Қайдан боласың?..» «Дүңгенмін. Қырғызстандықпын. Бірақ Қаскелеңде тұрамын» деп жауап берді. Елең еттім. «Қаскелеңде неғып жүр?» деген сұрақ туды. «Ой, аға, Қырғызстанда туып-өскенмін. Қазір Қаскелеңнен үй сатып алып, көшіп келдім. Бала-шағам Қырғызстанда қалды. Жақында оларды да алып келем».

- Заң бойынша бізде бірден азаматтық берілмейді. Ол жағы қалай болып жатыр? - деп сұрадым. Өйткені, өзге тұрмақ, шетелден келіп жатқан отандастарымыздың азаматтық ала алмай қайтадан Қытайға, Моңғолияға көшіп жатқаны белгілі ғой.

- Жоқ, аға. Азаматтықтан түк те қиналған жоқпын. Қазақстанға келмей тұрып-ақ азаматтықты алып қойғам, - деп күле қарайды. Енді менің жаным шығып кете жаздады.

- Қалай? Қайдан алдың?

- Қордайдан екі мың доллар беріп алдым. Ақшаңыз болса Қордайда таныс адамдар көп. Күттірмейді. Бірден көк паспортты қолыңызға береді.

Әңгіме барысында әлгі жігіт қызды-қыздымен Қырғыздағы дүңгендердің осылай Алматы маңы, Қордай айналасына кіріп, сіңіп жатқанын айтып қалды. Қаным басыма тепті. «Азаматтықты сатып аларсың-ау. Оны сатып отырған жанға да сен секілді Отанның қажеті жоқ. Бірақ есіңде болсын, мемлекетті сатып ала алмайсыңдар!» дедім қатқылдау. Әлгі жігіт сасып қалды. Тамағын жеп бітпестен, «жақсы аға, сау болыңыз» деп орнынан тұрып, далаға жөнеле берді...

Қазір осы оқиға есіме түсіп, «болашақ Сарыағаш қасіреті тағы қай өңірде қолдан жасалып қойды екен?» деп ойланып отырмын. Өйткені, мұндай жағдай жалғыз Қордайда ғана емес, барлық өңірде бір ізге түскен сияқты. Батыста қытайлар, солтүстікте орыстар, оңтүстікте дүңген, ұйғырлар көбейіп барады.

Тиісті орындар алдымен көші-қон полициясындағы осындай жемқорлықты тексеріп, заңсыз азаматтық алғандарды анықтап, тезірек елден шығарып тастау керек деп ойлаймын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373