Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6522 0 пікір 3 Шілде, 2015 сағат 19:26

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ТЕЛЕХИКАЯ ТАҒЫ ДА ҚЫСҚАРДЫ

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай елімізде танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтың режиссерлігімен "Қазақ хандығы" деп аталатын 20 cериялы телехикая түсірілетін болған. Алайда біраз уақыт өткен соң 20 сериялы телехикаяның бөлімдері қысқарып, 10 сериясы ғана түсірілетіні белгілі болды. Енді ол 10 серияның тағы да 3 сериясы қысқартылып жатқаны анықталды. Today.kz-тің жазуынша, бұл туралы Рүстем Әбдірашев "Түркістан" газетіне берген сұхбатында хабарлады.

Режиссердің айтуынша сериалға бөлінген қаражат жеткіліксіз екен. "Қазақта "Алапа" деген сөз бар. Жаугершілік заманда "Алапа" әскерге көрсетілетін көмек. Мысалы, соғыс кезінде батырдың аты міністен қалса, ол кез келген ауылдан келіп алапа сұрайды. Алапа сұраған батырға халық жылқысын, малын, азық-түлігін, үйіндегі барын берген екен. Көнеден қалған жақсы дәстүрді жаңғыртқалы отырмыз. Қазақ хандығы қандай қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп барып құрылды? Режиссер ретінде сол кезеңдегі жағдайды бастан қайта кешкендей күйде отырмын. Тап осындай сериал түсіретін шақта алдымыздан дағдарыс шыға келгені қиын болды. Сериалға бөлінген қаражат жеткіліксіз, уақыт тығыз. Расында да, қаражат жеткіліксіз. Анау түріктің "Сүлеймен сұлтаны" сияқты сериал болса жеңіл болар еді. (Күлді). Кинотанушылар ол сериалды "сөйлейтін бастар" сериалы деп атап жүр. Ондай сөйлейтін бастардың сериалын жасайтын болсақ, мына бөлінген қаражатты қиналмай жеткізер едік. Әжептәуір қаламақы да аламыз. Ал көшпенді қазақтың көшін, батырлардың шайқасын, салт атты қазақ мәдениетін, хандардың ай бынын, ханшалардың сән-салтанатын көрсете алмасақ онда бұндай сериал түсіріп керегі не?!", – дейді ол.

Режиссер аз қаражатты жеткізу, үнемдеу үшін бекітіліген он серияның тағы үш серияға тағы қысқартылығанын атап өтті."Сериалды әуелде жоспарлағанда кеңінен сілтеп, тарихи оқиғаларды, әсіресе, шайқастарды молынан кірістірген едік. Алайда қаржыға байланысты түсірілім жұмыстарын қайтадан есептеп, қысқартып жатырмыз. Қазір соңғы бекітіліген он сериалды үш серияға тағы қысқарттық. Бұл қаражат қазіргі заманғы жобаларға жұмсалатын болса жеткілікті болар еді. Бірақ, тарихи сериалға жетпейді. Мәселен, 200 мың адамның Өзбек ұлысынан бөлініп, Моғолстанға көшуінің шетжағасын көрсетуге қаражат жеткіліксіз. Кемінде 500 адамды сол заманға сай кинідіру керек", – дейді Әбдірашев. Сонымен қатар, режиссер егер қалталы азаматтар, кәсіпкерлер көмектесіп жатса, қысқарып кеткен үш серияға жуық шайқастар сахнасын қайтадан қосып жіберуге болатынын да айтып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394