Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 7105 0 пікір 5 Қыркүйек, 2016 сағат 16:03

БАҚТЫҚОЖАНЫҢ КЕЛІНІ ҚАЙЫР СҰРАП ЖҮР

ҚР Парламенті Мәжілісінің егде тартқан депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтың бұрынғы келіні көшеде қайыр сұрап жүр. Өзінің осындай халін әлеуметтік желіде жария еткен ол депутаттың баласы алимент төлемей, қашып жүргенін жазады.

Әйгерім Ізмұхамбетова - депутат Бақтықожа Ізмұхамбетовтың үш бірдей немересінің анасы екен. Оның айтуынша, Бақтықожаның баласы құмар ойындарға әуес болыпты.  

Әйгерімнің айтуынша, өзі де анда-мұнда жұмыс істегенімен, тапқан табысы балалардың керек-жарағына жетпейді екен.

Ал сотқа шағымданғанымен, ешқандай шара қолданылмапты.

«Ұзын-ырғасы 11 жыл болды. Балаларымның әкесі ешқандай көмек көрсетпей, қашып жүр. Ешкімге жолыға алмаймын. Сот орындаушылармен де, сот төрағаларымен де жолықтырмайды. Ештеңе көмектеспей тұр. Өз балаларыңыз үшін жауапкершілікті мойындарыңызға алыңыздар! Оны бізден, өз отбасынан жасырмаңыздар. Менің балаларымынның болашағы жарқын болғаны керек. Олар жұрт қатарлы мектепке барулары керек, қосымша үйірмелерге баруы керек. Олардың қазір бұған мүмкіншілігі жоқ. Себебі, мен үш баламды асырай алмай отырмын. Өтінемін, алимент төлеңіздер»,-дейді Әйгерім.

Ratel.kz тілшісіне сұхбат берген Әйгерім, жас кезінде бұрынғы күйеуі мен әке-шешесінің арасындағы қарым-қатынас күрделі болғанын және Бақтықожаның баласы анасымен мүлде сөйлеспейтінін айтқан.

-  Мен осы жылдың наурызында сотқа шағым түсіріп, алимент төлеуді талап еттім. Бірақ, сот шешімі орындалған жоқ.  Заң бойынша, егер белгіленген уақыттан 3 ай көлемінде алимент төлеуден қашып жүрсең, онда  қылмыстық жауапкершілікке тартыласың.  Алайда біздің жағдайда мүлде басқаша болып тұр. Мен оны таппай жүрмін,-дейді Бақтықожа Ізмұхамбетовтың келіні.

Бақтықожа Ізмұхамбетов әр жылдарда түрлі жоғарғы лауазымды қызметтерде болды. 2006 жылдың қаңтары мен 2008 жылдың тамызы аралығында ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрі, онан соң 2008-2012 жылдарда Батыс Қазақстан облысында, 2012-2016 жылдары Атырау облысында әкім болып қызмет етті. Кейін Бақтықожа Ізмұхамбетов төменгі палатаның спикері лауазымына дейін көтерілді. Қазір Мәжіліс депутаты. 

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404