Жұма, 6 Желтоқсан 2019
Білгенге маржан 2529 26 пікір 27 Қараша, 2019 сағат 12:05

«Түрік халықтары әдебиет тарихына кіріспе» атты оқу құралын оқыған соң...

И.Жеменейдің «Түрік халықтары әдебиет тархына кіріспе» атты оқу құралын оқығын соң...

Ағымдағы жылдың мамыр айында қолыма аталмыш оқу құралы түсті, (ҚазҰУ баспа үйінен басылған, Алматы 2019 жыл) кітаптың алғы сөзінде: Тәуелсіздік берген мүмкіндіктерді пайдаланып, жаңаша тарихи деректер негізінде жаңаша оқулық жазу қажетін сезіндік деп бастапты. Бұл сөз бізді бірден үлкен ойдың иріміне жетеледі...

Артынша, кітапта түрктанушы ғалымдардың пікіріне кезек беріпті, біз соның ішіндегі ойымзды оқтай түсетін бірнешуіне тоқталсақ:

Алма Қыраубай: Тәуелсіздік таңы атып әдебиетіміздің тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік алған осы шақта, бар күшімізді салып еңбек етпесек, тарихымызға да, халқымызға да опасыздық жасаған боламыз. Кеңестік дәуірде талай зиялыларымыз айдалып, азап шеккендеріне қарамастан осы жолға өздерін арнады?

Рас-ау, деп біз де өзімізді сұраққа тарта бастадық... бүгінде біз не істеп жүрміз?!  Бүгінгі әр қазақ зиялысы өз саласы бойынша ұлт алдында парызы мен қарызын өтеп жүрме...?!

Ә.Тәжібай: Атасын танымайтын халықтың аяғын нық басып тұруы мүмкін емес, деген сөз, тіпті де намысымызға қамшы басты.

Рахманқұл Бердібай: Ежелгі дәуір әдебиеті түрік халықтарына ортақ дей отырып, соның ішінен өзімізді іздесек, депті.

И.Жеменей: Әдебиет тарихтың рухы іспеттес, әр халық өзінің жанын соның ішінен табады. Сондықтан да тарих пен әдебиетті бөліп қарастыруға болмайды, деп өз бағыттын айқындапты.

Иә, әдебиет тарихттың көркем картинасы, сол дәуірдегі халықтың болмыс-бітімінің, тыныс-тіршілігінің айнасы.

Ғалым Ислам Жеменей кешегі орталық кезеңнен азат, жалтақтаудан ада оймен, «шайналған асты аузына салмай», шамасы жеткенше тіке, түп нұсқа әдебиетпен, тың да соны жолмен өз тамырын іздеген.... Бұл оқу құралын жазу барысында автор 81 әдебиет пайдаланған, соның тең жартысы парсы, түрік, т.б. халықтардың түп нұсқадағы ежелгі жазбалары. Тарихи шындықты табу үшін автор ауызша және жазбаша (жазба кітап, архелогия, фольклор) деректерге өте сақтықпен қараған, жаңаша баға берген.

Әдеби шығарма өз заманының жаршысы, десе де ол, ешқашан заманға бағындайды. Әдебиет заманның алдында болады, деген автор, сөзін былай жалғайды: әдеби шығарманың ең үздігі - «Құран». Оның авторы - Алла. Адамзат болмысы тарихының өткенін, бүгінін, ертеңін Иалаһи санадан ұшқындап жатқан адами санамен ұғына алатын мол мүмкіндікке ие. Сол үшін адамзат тіршілігінің барлық салаларында «Құраннан» бұрынғы және «Құраннан» кейінгі дәуірді қамтиды. Ал «Құран» барлық дәуірді қамтитын туынды, деп ойын қорытады.

Ежелгі түрік халықтары әдебиеті б.з.б VІ-V ғасырдан бастау алады, оның дәлелі ертедегі парсылардың көне жәдігері Зардөшт дінін негізінде жазған 815 бөлім, 21 кітаптан тұратан «Авеста» атты киелі кітабы. Онда Түрік халықтары өмір сүрген мекенді Тұран деп жазып, сол дәуірде Иран еліне шабуыл жасаған Тұран елінің патшасы Афрасиабтың Иранды билегенін сол Авестадан оқимыз. Кітап мәтінінде: Афрасиаб  2 рет, Тұрандық Афрасиаб 1 рет, жауыз Афрасиаб 1 рет, Тұрандық жауыз Афрасиаф 4 рет, аса қайратты Афрасиаф 5 рет кездеседі. Біздің ежелгі Тұран елінің патшасы Афрасиабты (қорқыныш тудыратын тұлға) деп жазады.  Афрасиаб сөзінің лексикалық мағынасын ирантанушы неміс ғалымы Фердинад Юсти (1837-1907): «үрей тудыратын адам» деп берген.  Х ғасырда Әбілқасым Фердауси Авестаны өлеңге айналдырып, 49327 бәйітке жеткізіп әдемі өріп «Шаһнама» деп ат қойды кітабына. Онда автор Афрасиабтың ата тегін былай таратады: Пишәнг ибн Зәшім ибн Турк ибн Сеп ибн Нәсп ибн Дуру шәп ибн Туж ибн Феридуан. Үсейін Шаһиди Мазандернидің «Шаһнамаға түсіндірме сөздігінде»: Пишәнг  Ирәждің қызы Маһ Афридке үйленеді, олардан Мәнеушер атты ұл бала туылады. Атасының кегін Сәлем және Тұрдан алады. Иран ғалымдарының пайымдауынша Феридун Тұрға түрік және шын елін басқаруға береді. Содан оның елі Тұран (тұр) елі болып аталады, деп жазады. Маһмұт Қашғари «Лұғат ат-түрік» сөздігінде:

Алып Ер Тоңа өлді ме?

Жалған дүние қалды ма?

Заман өшін алды ма?

Енді жүрек жарылар!, деп хатқа түсірген. Алматы.-1 том.-70 бет.

Жүсүп Баласағұн «Құтты білік» дастанында:

Тәжіктер оны Афрасиаб атаған,

Елдерге ол көп ізгілік жасаған.

Тәжіктер де хатқа мұны түсірген,

Кітап жоқ болса,

Оны кімдер түсінген, дей келе Афрасиабтың Алып Ер Тоңа екенін жазады. Ал Мұхаммед Қайдар Дулат «Тарих и рашиди» еңбегінде Афрасиаб есімін 19а, 182а, 235а беттерде айтады: «Қашғар-көне әрі байырғы қалалардың бірі. Ежелгі заманнан бері Қашғар сұлтандары Афрасиаб түрік ұрпағынан еді. Афрасиабты моғылдар Бұға хан деп атайды. Оның тегі: Афрасиаб ибн Дад нишин ибн Тұр ибн Арфидун. Бұл «тарих гузида» және Қожа Рашидаддин Фазллаһтың «Мажма-әт-тауарих» кітабынан алынды.

Алып Ер Тоңа әкесі Тұрдының кегін Иран патшасы Мәнуешерден алу мақсатында кескілескен шайқас жасап, ирандықтады жеңеді, Мәнуешердің ұлы Нәузерді бірнеше соғыста тізе бүктіреді, солай Қызылбастың елінде он екі жыл (кейбір зерттуде 28 жыл)  таққа отырады. Міне сондықтан бұл үрей тудатын адам деген Афрасиаб атауы Ирандықтардың берген есімі.

Біздің жыл санауымыздың 661 жылынан 750 жылына дейін таққа отырған Үммейе халифаты құлап оның орнына 750 жылы Аббас халифаты билікке келеген соң, 751 жылында Тараз маңында мұсылман әскерлері мен түрік халықтары бірлесе орытып, 100 мың қолмен жаулаушылық мақссатта келген қытай әскерімен кескілескен шайқас жасады, қытайдың 50 мыңын өлтіріп, 30 мыңын тұтқынға алады, 20 мыңы зорға қашып құтылды, міне бұл шайқас тарихта атылақ шайқасы деп аталды. Осы шайқастан соң түркілер ислам дінін қарсылықсыз қабылдай бастады. Осыдан бастап бұл далада Араб мәдениеті, тілінің өрлеу кезеңі басталды. (751 үлкен шайқас жөнінде Араб трихшысы Әзеддин ибн Әсир жазбаларында жазады).

Б.з.б VІ-V ғасырдан бастап 751 жылға дейінгі 1300 жылдан астам уақыт ежелгі түрік халықтары әдебиеті деп бөлген И. Жеменей. Осы ежелгі кезеңнің әдебиетін ғалым ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті деп екі кезеңге бөліп қарастырған, ауыз әдебиетіне тән «Жаратылыс» дастаны. «Сақ» дастаны. «Алып Ер Тоңа» мәтіні. «Шу» мәтіні. «Оғыз қаған» дастаны. «Атила» дастаны. «Көктүрік» дастаны. «Көкбөрі» мәтіні.  «Ергенеқон» мәтіні. «Ұйғыр» дастандары. «Түрейіш» дастаны. «Көш» дастаны. Сынды 13 жырды кітабында ғалым түгелдей мазмұндап шыққан.

Бұл жырлардың басты тақырыбы: Елдік, ерлік, салт-дәстүр мен жоқтау. Түрік халықтары әдебиет тарихының ежелгі дәуірі шамамен б.з.д. VI-V ғасырдан бастап, біздің заманғы VIІІ ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кез әдебиетіннің басты еркшелігі аталған кезеңдегі тарихи, мәдени өзгешеліктерге сай, түркілердің саяси көзқарасы мен өмір салтын, дүние танымын, ой-өрісін, ерлік, елдік санасын жырлау.

Елдік, ерлік тақырыбы халықтың ел болып қалыптасуы мен ерлердің ерлік ісін жырлаған том-том эпостық дастандар соның куәсі. Салт-дәстүр «ата заңның» рөлін атқарған. Әр бір адамның жадында күні бүгінге дейін өшпестей болып жазылған. Біздің айтып жүрген діл дегеніміз міне осы. Жоқтау жырлары елге тірек болған тұлғаларды жоқтау, сол арқылы елдіктің мәнін түсіну, кейінгі ұрпаққа өткен тарихты біліп, атасын танып, таусылмас күш алуы үшін қайтыс болған батырдың, атақты адамның соңынан жоқтау айту үрдіске айналған, күні бүгінге дейін әдебиетіміздің маңызды бір жанры ретінде қарастырылады.

Маһмұт Қашғари парсының «Авеста» кітабында өздерінің ата жауы ретінде Афрасиаб (қорқыныш тудратан адам) деп жағымсыз обыразда сомдалған тұлғаның түркінің Алып Ер Тоңасы екенін растай отырып, ортаға мың жеті жүз жыл салып, халық жадынан өшпеген батыр басшыны тұлғасын, ел аузынан жинап, жаңғырта жырлаған. Халықтың ерге деген сүйіспеншілігі сол, оны он жеті ғасыр ұмытпаған. Осылай Маһмұт Қашғари ежелгі тұран елінде үстемдік құрған, араб, парсы мәдениетінен соң, түркінің өшкіндегін рухын, тілін, мәдениетін қайта тірілтті.

Ежелгі түрік халықтары жазба әдебиетіне ғалым И.Жеменей: Көне түрік жазба ескерткіштерінің ежелгі дәуірінің екінші кезеңіне, Түркінің тасқа ойып жазған руникалық жазуларын жатқызған. Олар VІІ-ІV көне түркі ойма жазулары, қолжазбалары көне түркі әліпбиіндегі әр аулан мәтіндерді қамтиды. Онда сақ дәуірінен қалған жазба ескертіштер, Қазақ жерінен табылған көне түркі ескеркітіштер, Моңғылия жазба ескерткіштері, Мойынчур ескерткіштері, Орхон ойма жазуларын қарастырған. Түрік қағанаты кезіндегі «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» жырлары ежелгі дәуірдің жазба әдебиетінің жанды айнасы болмақ.

Жазба әдебиттің басын ғалым Орхон-Енисей жазбалары және көктүріктер деп қойылып бұл тарауда И.Жеменей 542 жылдан 717 жылға дейінгі 175 жылға созылған қытай және түркі қағанаты тарихын тізбелей жазып шыққан, парысша еңбектерді негізге, оған қатты дендеп кірген. Тың деректерге толы. Қытайлардың басынан бақайына дейін толып тұрған жымсыма қулығы, ал Түркілердің аңғал да, мансап құмар, әйел құмар, ішкі алты бақан алауыздығын жеріне жеткізе жазған. Кітапта кезек берсек: Атила дүние салған 543 жылдан соң, ғұндардың жаңа бір ізбасарлары өзіндік ортақ құндылықтары мен көктүрік атауымен қауымдастық құрады. Осы кезде қытайдың солтүстік және оңтүстік 南北朝 патшалықтары 420 жылдан 589 жылға дейін билікте болады. Көктүріктің Ашина бірлестігі 542 жылы тарих саханасында салтанат құрды. Тарихта табығаш атымен белгілі ежелгі түрік тайпасының бір бөлігі қытайдың будда дінін қабылдап, соңында қытайға сіңіп қытай тарихында ви   патшалығын құрған табығаштар V-VII  ғасырда көктүріктердің ең қас жауына айналды.

Шығыс түрік қағанатын құрған Мұқан қаған Жу-жандарды талқандады, Қорыққан солтүстік қытайдың Чи патшасы бейбіт келісімге келді. Орталық Азия, Ауғаныстан, Иран, Шығыс Еуропа мен Рим елдерін бағындырды. Мұқан қаған қайтыс боларынан бұрын, қытай әйелінен туып, қытайша тәрбиеленген өз ұлын билікке отырғызбай інісі Таспарды таққа отырғызды. Алайда олда қытайдың сұлу қызының қойнына құлап, будда кітаптарын түрік тіліне аудартып, қытайланып он жыл билік құрып қайтыс болды. Таспардан кейін ішкі тақ талас басталып, батырлығымен аты шыққан Ішбар ІІ құтлық деген атпен қаған болып бастабында өте батыл әркеттер жасап, моңғол тектес тайпаларды қол астына бағындырды. Барлық түрік елін біріктірді. Алайда қытай тағы жымсыма қулықпен оған да қыз берді, оның ханшайымына еріп келген Чанг Сүншенг тыңшы түркілерді жасырын зерделеп, жиған тергенін қытай императорына жеткізді. Патша оны тыңдап, түркілердің іштарлық пен қызғаншақтық жағын ескере ортып мемлекеттік бағадарлама құрып, ел ішінен бүлік шығаруды басты бағыт етті. Түрік Істемиұлы Тардының Ішбара қағанға қарсы қыжылын қоздырып, батыс түрік қағанаты деген дербес ел құруға бар жағдайын жасады. Соның нәтижесінде 582 жылы Шығыс түрік қағанатынан Батыс түрік қағанаты бөлінді. Артынша қытайлар монғол тектестерді Ішбар қағанға қарсы қойды. Сонымен бірге қытайлар үшінші рет Ішбар қағанның інісі Чы-ло Хуға жасырын хабарласып, қытайға жақтас болуға шақырды. Кейін 587 жылы таққа отырған Ішбар қағанның інісі Чы-ло Ху өзін Баға қаған деп атап қытайға бағынышты болатынын білдірді.

589 жылы қытайдың солтүстік Жоу патшалығы құлап орнына Сүй патшалығы келді. Сол жылы таққа отырған Ішбар қағанның ұлы Юнг-үі-Лі өзін Тау-лан қаған деп атап, қытайдан тәуелсіздікті қайта тартып алды. Кейіннен қытайлардың қолдауымен таққа отырған Баға қағанның жиені Түлі қытай қызна үйленіп, ел ішін алатайдай былықтырды. Тыңшы Чанг Сүншенг Түркілердің мал суатына у салып малын қырды. Содан 609 жылға дейін қытайға бағынышы болған Түлі қаған қытай атынан бір рет соғыс та жасады. Оның орына келген ұлы Ту Шық қаған қытайға бағынудан бас тартып егемендік туын желбіретті. Жаңаша қулыққа басқан қытай билігі қағанның інісіне жел беріп, қаған болуға итермеледі, алайда ол қытай қулығынан бас тартты. Осыдан кейін Түркілер қытайды бірнеше рет басып алып алман-салық, тарту-таралғы алумен, шектеліп отырды....619 жылы қытайдың Сүй патшалығы тақтан құлап, орнына Таң патшалығы келді. Сол жылы тамыз айында Ту Шық қаған қытайға шабуыл жасап, қытайдың Тай Юан қаласына жеткен қаған кенеттен қайтыс болды. Орнына таққа келген інісі ІІ Тебер қағанды қытайлар у беріп өлтірді. Оның орнына келген інісі Бағатұр қытайды жаулап алды. Алайда тағы майда қулықпен келіс сөзге келді....630 жылы қаған қытай түрмесіне өлді. Осылай атақты Шығыс түрік қағанаты тарих бетінен өшті. Шығыс түрік қағанаты үшке бөлініп, бір бөлегі Сыр Тардүш түркілерін паналады. Екінші бөлегі Батыс Түркістан мен Иранның соттүстік шығысындағы аймаққа бас сауғалады. Үшінші бөлегі қытайды паналаған жүз мың адамның тоқсан мыңға жуығы, қытай үкіметінің қаулысымен қытайдың ұлы қорғанымен Гөби шөліннің арасына қоныстанды. Ал қалған қытай паналаған оң мың адамның ішіндегі ақсүйектеріне екінші дәрежелі генарал атағын беріп, олардың кейбірін сарайға жұмысқа алды. Қалғандары жаңадан құрылған гарнизондарда қытайға сіңіп кетті....Сол кезде Ни Шу Баға Шадтың ұлы Ішбара қаған тағында болатын. Олар он жыл бойы қытаймен соғысып, жеңіліс тапты. 659 жылы қаған соғыста өлді. Осылай Батыс түрік қағанаты да, Шығыс түрік қағанатының кейпін киді....

679 жылы қаңһған әулеттері ес жиып, Ашық На, Ни Шупу қағандар қытайға қарсы соғыс жасады. Қытайдың 300 мың қолымен қарсы шығып қағанды өлтірді. Қалған түркілер Лаң Шан тауын паналады. Екі жылдан соң Ашық На Пу қағанның басшылығымен қытайға шабуыл жасап, қытайды жеңді. Алайда қытай қолбасшыларының бірі түрік жоғары  басшыларының арасына жік салып, іштен ірітті. Бейбіт келісімге келуін сұрады. Келісімге келсеңдер үлкен артықшылықтар береміз деген қытайлар уәдесіне сенген аңғал түркілердің 54 ақсүйегін қытай астанасынның орталық базарында дарға асып, көктүріктер қағанатынның бірінші кезеңіннің соңғы көтерілісін жаныштады....

682 жылы Құтлық қаған ІІ Көктүрік қағанатын құрды. Сол кезде қытай түрмесіне жатқан Тоныкөк түрмеден амалын тауып қашып шығып, Құтлық қағанға келді. Қаған оған «Апа тархан» атағын берді..... 76-95 беттер.

Осылай жаңа тарихта Тоныкөк, Күлтегін, Білге қаған жазбалары тасқа қашалды. 717 жылы Батыста Түркештер тәуелсіздігін жариялады....

Жоғардан оқығанымыздай қытай елі белгілі мерзімде бір түрік патшалығын жойып отырған. Тыныш, бейбіт билік құрып отырған түрік патшалығына ішінен ірткі салу, тыңшы жіберу, қыз беру, пара беру, патшаның айналасын өзіне қарсы қою, ел ішінде билікке қарсы күштерді қолдан жасап, оны тамаша пайдалану қытайдардың ежелден келе жатқан кәнігі әдеті екеніне көзіңіз жетеді. Солай Түрік қағанатын екіге бөліп, ақырында Шығыс түрік қағанатын жойып жібегенін оқығанда өне бойың тітірейді. Алланның қолдауымен Түркілерден ел бастайтын ерлер туып, тозған елдің басын қайта біріктіріп патшалық құрады, қытаймен соғысады. Түркілер 30 мың қолмен қытайдың 300 мың қолын бір сәтте жеңеді. Алайда қытай жеңілгеннің белгісі ретінде қыз беріп, қызына құл-қызметші деп көптеген тыңшы сұлу қыздарын қосып, оларды түркінің билік басындағы тұлғаларына тиюді, одан туған балларын қытай етіп тәрбиелеуді тапсырма қылған. Монархиялық жүйе бойынша, қытайлар жиендеріне ел тұтқасын ұстатады. Осылай жұмсақ күш арқылы іштен ірітіп, түркілерді өзіне өзін қарсы қойып тарих бетінен өшіреді. Ұрпақ жаңаланады, түркілер тарихты ұмыта бастайды. Ал қытай жазбарында ата жауын жеңудің түрлі сан қулығы жазылып тұрады.

Кітаптың екінші бөлімі Түркінің исламдық орта ғасыр әдебиет тарихына кіріспе деп аталады. Мұнда автор 751 жылдан қазақ хандығы құрылған 1465 жылға дейінгі кезеңді түрік халықтары әдебиетінің орта ғасыр кезеңі деп бөлген. Түркі халықтары орта ғасырлық дәуірдің басты ерекшелігі ежелгі төттем т.б. мәдениттен алыстап, Исламның келуімен жаңарған әдебиетке рух, жан, сана, дүниеуи әлем және рухани әлем сынды тың тақырыптар қосылған. VIII ғасырдың басында араб тілі мен мәдениеті үстемдік құрып, парсы, түркінің тілі мен мәдениеті соның көлеңкесінде қалды, оның басты себебі Құран тілінің араб тілінде болуы, пайғамбарымыздың заманында басталған аударма жұмысы 850 жылға дейін жалғасып, Грек, Иран, Үнді елдерінің әр түрлі саладағы кітаптары араб тілінде сөйледі. Барлық ғылым-білім, әдебиет, мәдениет араб тілінде болған соң, сол кезде шыққан Әбу-Насыр Әл-Фараби, Мұхаммед Ибн Мұса әл-Харезми, Ибн Сина, Зәкария Разилар, Әбу Райһан Бирунилер сынды ғұламалар Бағдат пен Мысырға барып білім алуды үрдіске айналдырды. Ислам халифаты арабтардың қолында болды. Ол кезде экономикасы жақсы дамыған араб елі болды. Бұларды жақындастырған ең басты себеп ислам діні еді.

Ислам өркениеті дәуірі: пайғамбарымыздың заманы 610-632 жылдар бұл кез алтын кезең, екінші төрт халифат кезеңі 632-661 дейінгі кезең, одан соң исламның кең таралуына себепкер болған түрік тектес тайпалардан Ғазына патшалығы, Селжұқ патшалығы, Қара хан Боғра, Сейфеддин Құтз, Бейбарыс сұлтан, ІІ Мұхаммед Фатиһ сұлтан Осмалны патшалығын құрды.

Осы кезде түркілердің дүние танымы мен философиялық ой-өрісінің жаңаша қалыптасуы мен жетіліуіне әсер еткен ақындар мен ойшылдар пайда болды. Бастыларынан Маһмұт Қашғари, Жүсіп Баласғұн, Қожа Аһмет Йәсеуи, Низами Гәнжи, Маулана Жәлаледдин Руми, Заһирддин Мұхаммед Бабыр, Мырза Айдар Дұғлат деп тізбекетей беруге әбден болады.

Жалпы бұл тарауда автор Ежелгі Шумерлердің 5-ші патшасы Гілгәмеш кезіндегі тасқа қашалып жазылған 12 дастанды осы кезеңде табылғанын айтып, атап өтеді. 12 жырдан тұратын Қорқыт ата кітабына кеңінен тоқталған. Оғыздар заманындағы 12 дастан, Дерзден нұсқасында 154 беттен тұрады.

Олар: Дерсеханұлы Бұғаш дастаны, Қарашық шопанның дастаны, Байбөріұлы Бамсы-Байрак дастаны, Бурла хатуын дастаны, Тоқа Қожаұлы Қан төрелі дастаны, Қазылық Қожаұлы Иекенк дастаны, Төбекөзді өлтірген Басат дастаны, Берікұлы Оман дасатны, Ұшан Қожаұлы Секрек дасаны, Ораз дастаны, Салур қазақ дастандарына жеке-жеке тоқталған.

Маһмұт Қашғри туралы 6 бет арнайды. Онда ғалымның туған жері және барлық еңбектері туралы тоқталған. Келесі 10 бетті Жүсіп баласағұнға арнаған. Ақынның «Құтты білік» дастанына талдау жасаған. Шей Аһмет Құдайдт Тарази 1436-1437 жылдары жазған 4 түрлі мадақ жырларына жеке-жеке тоқталған.

Қожа Аһмет Йәсеуйге 8 бет арнаған. Ақынның басты еңбектеріне, қайраткерлігіне тоқталған.

Сүлеймен Бақырғаниға 4 бет, Жүніс Әміреге 3 бет арнаған.

Сәккаки атты қос түрік ақыны туралы 5 бет арнаған.

Ақын Маулана Лүтфиге 5 бет арнаған. Ғазалшы ақын Атаи-ға 12 бет арнаған.

Заһирддин Мұхаммед Бабырға 15 бет арнаған. Бабырнамаға кеңінен тоқталаған. Әлшір Науаиге 21 бет арнап, ақынның 5 дастанына (хамсасына) жеке-жеке тоқталған. Мырза Айдар (Мұхаммед Қайдар) Дулатқа 15 бет арнаған.

Мұрын Жырауға 7 бет арнап, қырымның 40 батырының атын атайды.

Аталмыш кітап жаңаша оймен жазылған. Түп нұсқамен тікелей жұмыс жасаған. Отарлаушы елдердің «шайнаған ғылымы» емес өз алдына тәуелсіздік таңында ел алдындағы қарызын өтеген азаматтық идеядан туған. Оқу құралындағы түрік халықтары әдебиетін дәуірлеу мүлде басқаша көзқараспен сараланған құнды тың еңбек.

Нұрхалық Абдырақын,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Шығыстану факультетінің PhD докторы.

Abai.kz

26 пікір