Жұма, 24 Қаңтар 2020
1149 15 пікір 10 Қаңтар, 2020 сағат 13:14

Эстония президенті Ресей елшілігі сыйлаған қырым шарабын қабылдамады

Эстония президенті Керсти Кальюлайд Ресей елшілігінің сыйлығы - аннексияланған Қырымда өндірілген шарапты қабылдамады. Бұл туралы эстон баспасөзі хабарлады.

Eesti Ekspress мәліметі бойынша, Ресей елшілі Кальюлайдтың елу жасқа толуына орай гүл, шоколад және шарап жіберген. Эстон президентінің кеңсесі шарапты дипломатиялық қызметке қайтарды.

Бұл ақпаратты ресми билік растамады. Ресей елшілігі ақпарат құралдарының мәліметіне қатысты пікір білдірмеді.

Батыстың басқа да елдері секілді, Эстония аннексияланған Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамайды. Кальюлайд Мәскеуде Украинаның шығысындағы жікшілдерді қолдағаны үшін талай рет сынаған.

Ресей Қырымды 2014 жылғы референдум нәтижесінде аннексиялады. Референдум Украина заңдарына қайшы болды. Қырымды Ресей әскері бақылауға алды. АҚШ пен Батыс елдері халықаралық заң бұзылды деп есептейді. Аннексия үшін Мәскеуге санкциялар енгізілді. Ресей түбекті қосып алуына "тарихи әділдіктің үстемдік құруы" деп санайды.

Abai.kz

15 пікір