Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1510 0 пікір 16 Сәуір, 2026 сағат 14:26

Павлодарда әскери қызметші өз-өзіне оқ атып қайтыс болды

Сурет: сайт мұрағатынан алынды

Қайғылы оқиға Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде тіркелді. Болжамды мәліметтерге сай, келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан өзі оқиға орнында жан тапсырды.

– Оқиға кезінде тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп келеді. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу департаментінің бақылауында, – деп хабарлады ҚР Ішкі істер миниистрлігінің баспасөз қызметі. 

Осы уақытта жарақат алған әскери қызметші медициналық көмекке жүгінген. Жағдайы мәз емес.

– 2001 жылы туған науқас Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, тұрақты. Барлық қажетті емдік шаралар жүргізілуде, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 465
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1718
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 433
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 413