Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2721 0 пікір 17 Сәуір, 2026 сағат 14:04

Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады

Сурет: Ақорда сайтынан алынды.

17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді.

Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1315
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2884
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 972
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903