Жұма, 24 Қаңтар 2020
Желтоқсан жаңғырығы 1201 19 пікір 13 Қаңтар, 2020 сағат 12:28

«Желтоқсан оқиғасының көлеңкелі тұстары көп»

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Кеңес одағының ыдырап, оның құрамындағы республикалар егемендік алуына себепші болған Алматы мен Қазақстанның басқа да қалаларында 1986 жылы өткен Желтоқсан ереуіліне 33 жыл, демек ғасырдың үштен бір бөлігі болды. Осыншама уақыт өткеніне қарамастан еліміздің егемендігінің алғашқы қоңырауы болған осы оқиғаның көлеңкелі тұстары жеткілікті. 

Ең бастысы - мыңдаған адамдар қатысқан наразылық шерулерін ұйымдастырған кімдер? Ол кезде қазіргідей белсенді топтар ғаламтор арқылы бір біріне хабарлай қоятын электронды жүйе жоқ. Екінші сұрақ - арада осыншама уақыт өткеніне қарамастан желтоқсан оқиғасы саяси бағасын алды ма? Мүмкін бұл белгілі бір тұлға немесе тұлғалардың жоғары билікке қол жеткізу үшін жасаған әрекеті емес пе? Ереуіл кезінде қан төгілді, кейін қаншама жастар қуғын сүргінге, күйзеліске ұшырады, жоғарғы оқу орнынан, комсомол мен партия қатарынан шығарылды, сотталды, түрмеде отырды. Өкінішке орай, осы сұрақтардың көпшілігіне нақты жауап жоқ. Енді ретімен желтоқсан оқиғасы жайлы нақты деректер мен пікірлерге тоқталайын

Алматы қаласында жастарды алаңға шығуға ұйымдастырған кімдер?

 Өткен жылы «Дат»  газетінің 46 нөмірінде  (14 қаңтар) Сабыр Қасымовтың «Желтоқсан синдромы, біз одан құттылдық па»? - деген мақаласы жарияланған еді. Автор жайлы қысқаша анықтама. Сабыр Ахметжанұлы заң ғылымдарының кандидаты, Желтоқсан оқиғасын зерттеу жөніндегі М. Шаханов бастаған  мемлекеттік комиссияның құрамында жұмыс істеген. Еліміз егемендік алғаннан кейін ҚР Коституциялық кеңесінің мүшесі, ҚР парламентінің сенаторы, Президентің парламентегі өкілдігінің басшысының орынбасары қызметін атқарыпты. 1986 жылы Мәскеуде Совет одағы коммунистік партиясының (СОКП) қоғамдық ғылымдар  академиясында оқып жүреді. Желтоқсан оқиғасының қарсаңында Алматыға ғылыми тәжірибелік конференция өткізуге ұшып келіп, 15 желтоқсан күні мәселені Қазақстан компартиясы орталық комитетінің (ҚКП ОК ) бөлім меңгерушісі В.И. Ефимовпен келіседі. Осы арада ертең ОК-ің пленумы болатынын, Д. А. Қонаевтың қызметтен кететінін естиді. Автордың жоғарыда көрстілген мақаласынан біраз үзінді келтірейін (курсивке алынды. М.Қ). Сол күні ақпаратты нақтырақ білетін жақын жолдасымды кездестірдім. Ол бүкпесіз бар шындықты, Д.А. Қонаевтың орнына   Ульянов обкомының бірінші хатшысы Г.В. Колбинді сайланатынын, бұл Республика басшылығындағы алауыздықтың, Біріншінің орнына таластың нәтижесі. Маған сенім көрсете, ешкімге ешбір жағдайда тісімнен шығармайтыным жөнінде ант алғаннан кейін ғана ол соңғы кезде Қазақстан компартиясы ОК Бірінші хатшысының орнына үміткерлердің үш төртеуі таласып жүр, олар Мәскеуге жағымпазданып, Қонаев туралы небір жайсыз мәліметтер беріп, кір жағып жүр», деп жазыпты. 

Автордың пікірінше билікке таласушылардың ішінде: бірінші орында Зақаш Камелиденов, Мәскеуге шын берілген, ұзақ мерзім Қонаевқа жақын болған, ұлтшылдық ұстанымдары үшін Олжас Сүлейменов пен Өмірбек Жолдасбековты  қудалауға алған адам. Екінші үміткер ретінде еңбек жолын Қарағандыдан бастаған Марат Меңдібаев көрсетіліпті. Үшінші үміткер көп жылдар бойы Қызылорда , Көкшетау мен Торғай облыстардың бірінші хатшысы болған іскер басшы Еркін Әуелбеков екен. Ол Д.А. Қонаевты біраз сынағанымен республиканың бірінші басшысы болу үшін белсенді әрекетке бармапты. Тақтан келесі үміткер ретінде  Н.Ә. Назарбаев көрсетіліпті. Автор оны: «Қазақстандағы бірінші басшы рөлін атқаруға лайық мінез танытып, соған сәйкес қадамдар жасай алатын тұлға», деп сипаттайды.

Негізінде 80-жылдардың орта кезінде Республика басшысына үміткерлер ретінде  Министрлер кеңесінің төрағасы Н.Ә. Назарбаев, біраз жылдар Алматы облысының бірінші хатшысы болып сынақтан өткен, атына кір келтірмеген К.М. Аухадиев және  тәжірибесі мол, іскер басшы Е. Әуелбеков айтылатын. Кеңес Мұстаханұлы 1985 жылы қызметінен тайдырылып, «Риссовхозстрой» деген мекеменің басшысына ауыстырылды. Сол жылы Алматы облпарткомының бірінші хатшысына М.С. Меңдіғұлов сайланып, жерлестік пен парақорлықпен күресемін деп Голошекиннің «кіші октябрь» саясатын қайталап, көп жылдар Алматы облысын басқарған А. Асқаровтың адамдары деп бірталай партия және кеңес қызметкерлерін қудалап, қырғидай тиген. Шындығына келсек Республика басшылығына бірінші үміткер 1984 жылдан Министрлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Н. Ә. Назарбаев еді. СОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы М.С. Горбачевпен ортақ тіл табысқан 46 жастағы Нұрсұлтан Әбішұлы 1986 жылы 10 желтоқсанда өткен ҚКП-ның пленумында республиканың бірінші басшысы Д.А.Қонаевты кадр таңдау саясаты мен жұмысы және өмірден алшақ кеткенін сынға алады. Кейінірек Мәскеуден шығатын «Дружба» жұрналында осы тақырыпта үлкен мақала жариялайды.  

Біраз жыл СОКП-ның бас хатшысы қызметін атқарған М.С. Горбачев «Қайта құру-Перестройка» жайлы мылжыңдап, ұран тастап көп сөйлейтін, іскерлігі шамалы саясаткер болды. Кеңес одағын ол басқарған жылдары экономика құлдырау шегіне жетті. Михаил Сергеевич 1985 жылы 6 қыркүйекте Республика басшысы Д.А. Қонаевпен келіспей, Отан қоймасына республиканың қанша астық құятынын білу үшін Алматыға соқпай бірден Целиноградқа келеді. Шортандыда бүкілодақтық астық шаруашылығы орталығында өткен үлкен жиылыста институт директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик А.И. Бараевты қатты сынға алады.  Орынсыз жәбірлеуге шыдай алмаған Александр Иванович арада бір екі тәулік өтпей қайтыс болды.

Сабыр Қасымов мақаласында: «16 желтоқсанда Қазақстан КПОК- нің  тарихи пленумында Мәскеу өзінің отарлау саясатын жалғастыра отырып, Колбинді Қазақстанның келесі губернаторы етіп бекітті», деп жазыпты. Сол күні автор ғалымдар мен оқытушылардың көзқарасын білу үшін ғылым академиясы мен жоғарғы оқу орындарына соғыпты, түрлі ұлт өкілдерімен кездесіпті. «Интеллигенция, зиялы қауым өкілдері билікке Колбинннің келгенінің соңы жақсы болмайтынын түсінер деп ойлаған едім, алайда қателесіппін, сөйлескедерінің бәрі үрейлі, жігерлі іске даяр емес, жалтақ, бой тасалағыш болыпты». Сонымен Сабыр Ахметжанұлы: «Қоғамның қай бөлігін қандай әдіс, уәжбен Брежнев алаңына алып шығуға болатынын ойланып толғанып, олар қазақ жастары тұратын жатақханалар деген қорытындыға келіп, іске кіріседі. Әкемнің ескі «Мосвич» мәшинесімен жатақханалардың бірінен соң біріне бара бердім. Сақтық жасап, мәшинені алыстау қойып, студенттермен дәліздерде немесе кіреберіс есік алаңдарында жолығып: «Ертең 16 желтоқсан күні таңертең Орталық комитет ғимараты алдында митинг өтетінін, кімде кім Колбиннің тағайындалуымен келіспесе, сонда  жиналуға шақырдым. Түн жарымына дейін студенттер мен жұмысшы жастардың 20 шақты жатақханасын аралап шықтым. Ертеңінде алаңға келіп, қарақұрым адамды көргенде, менің қуанышымда шек болмады. Ол кезде жастарды алдарында нендей тағдыр күтіп тұрғанын, әрине мен білген жоқ едім, міндетім ашу ыза кернеп, күйініп тұрғандарды бірінші қадам жасауға шақыру ғана еді», дейді мақала авторы. 

Жоғарыда келтірілген деректерге қарағанда мыңдаған жастарды үгіттеп, алаңға шығарған жылғыз Сабыр Қасымов болып тұр. Бұл шындыққа үйлеспейтін ертегі, бейтаныс адамды түн ішінде жатақханаға кім кіргізеді, кіргеннің өзінде, ондаған, тіптен жүздеген студенттерді жинап, қалай үгіт-насихат жүргізеді, оны кім тыңдай қояды? Шындығына келсек, жастар арасында үгіт насихат жүргізілгені рас. 16 желтоқсанда кешке қарай қызметтік ақ «Волга» мінген тұлғалы адамдар жоғарғы оқу орындарының студенттері мен жұмысшы жастар жатақханаларына келіп, үгіт жүргізгенін естіген едім. Бұл шараны көп жылдар Республиканың бірінші басшысы болған, партия мүшесінің ұстанымына адал, жасы жетпістен асқан Д.А. Қонаев ұйымдастыруы мүмкін емес. Ол кезде партиялық тәртіп қатал, Орталық комитет бюросының шешімінсіз ондай іске ешкім бара алмайды, жұмыс астыртын жүргізілуі мүмкін. 

Үкімет үйінде жастардың наразылық шараларын ұйымдастырып, бақылап отырған адам болғанын Сабыр Қасымовтың мақаласынан байқауға болады. Автор: «16- 17 желтоқсан күндері жағдайды жіті қадағалап, ҚКП ОК саяси штабында көтерілісті басу мақсатында қандай шешімдер қабылданып, қандай бұйрықтар беріліп жатқанын көзіммен көріп, құлағыммен естіп, талдаудан өткізіп отырдым. Жастардың асығыс даярлаған ұрандары мен плакаттарының біразын тексеріп, 17 желтоқсанға қараған түні өзім тараттым. Қанша сақтанғанмен Ішкі Істер Министрлігінің қызметкерлері халық көп жиналған жерлер мен жатақханалар жанында менің «Москвичпен» жүргенімді көріп, бақылауға алыпты»,  деп жазыпты. Арада үш төрт күн өткеннен соң С. Қасымов ҚКП ОК-нің бөлім меңгерушісі Ефимовке жолығып ғылыми конференцияны есіне салыпты. «Ол мырс етті де: «қайдағы конференция, Мәскеуіңе қайта бер, сен 17-18 желтоқсанда не себепті жатақханаларды араладың», деп сұрақ қойды. Қоштасып жатып: «Мұндағылар сені халықты алаңға шығарушы осы, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылардың бірі», депті. Сонда Мәскеудегі партия   академиясының тыңдаушысына құпия ақпараттарды беріп отырған кім?   

16-17 желтоқсанда Брежнев алаңында болған оқиғалар 

Ресми деректерге қарағанда 16 желтоқсанда ертеңгі сағат 10 шамасында Брежнев алаңына 300-ге жуық жастар жиналады. Түстен кейін орталық көшелермен ұрандар көтерген лек-лек ереуілшілер тобы көбейіп, кешке қарай наразылық шеруіне жиналғандар саны 20 мыңнан асады. Алаңда не болғаны жайлы бәрін өз көзімен көрген Байғали Есентаев «Фейсбукте» былай жазған екен. 

«Ереуілдің бірінші күні мінбеге шыққан әртүрлі деңгейдегі басшылар халықты сабырға шақырып, тарамаса жаман болатынын айтып жатты. Ызалы жастарға олардың сөзі онша әсер ете қойған жоқ, керісінше жағдайды шиеленістіріп жіберді. Қас қарая бастағанда қолдарына резіңке таяқ ұстаған сақшылар күш қолданып, жиналғандарды таратпақ болды. Жастар сасқалақтап тарай бастады, сол кезде «қашпаңдар» деген дауыс естілді. Сөйтсек, біраз жігіттер алаңның төменгі жағындағы аллеяның жақтауынан мраморларды опырып алып жатыр екен. Бізде жақын орналасқан үйлердің іргетасын, фонтанның шетіндегі тастарды сындырып қаруланған топқа қайта ұмтылдық. Бірде олар шегініп, бірде  біз шегініп, кезек шабуылдасып жаттық, Үкімет үйінің терезелері сынғаны да есімде. Түнгі он-онбір шамаларында оларға қосымша күш келді, Үкімет үйінің артынан шығып бізге әскерилер мен милиция лап қойды, кейбіреулерінің жетегінде иттер болды. Амал жоқ алғашқыда ақырындап шегініп, соңы жаппай  қашуға ұласты. Артымыздан шыңғырған дауыстар естіліп жатты. Келесі күні таңғы сағат алты шамасында Мир (қазір Желтоқсан) көшесімен жоғары жаққа үш төрт автолавка тәріздес жүк мәшинелері өтті. Олар алаңға тоқтады да, көшеге иілген темірлер мен ағаш кесінділерін шаша бастады. Бір мәшинеден солдаттар жәшікпен арақ түсіріп, алаңның әр жеріне қойып, қағазға оралған заттарды да лақтырып жатты, кейін оның есіртке екенін білдік. Сағат онға қарай жастар қайтадан алаңға жинала бастады. Бір оқиға есімде қалды. Таңертең Абай даңғылындағы аялдамада автобусь күтіп тұрған жолаушылар мен дүкенге шыққан қарттар, көпшілігі орыс ұлтынан, жиналған екен. Олардың ортасында сұр папаха, үстіне шинель киген офицер: «түнде бұл калбиттер орыс детсадтарына кіріп, балаларды өлтіріп кетіпті»-  дегенін естідік. Орыстар «ужас» деп жағаларын ұстап, шоқынып, карғап сілеп жатты. Қасымдағы досым: «Офицер емессің бе, неге өтірік айтасың»- деді. Мен түндегі шайқастан кейін қарусыз жүруге болмайтынын біліп, тор сеткеге қағазға оралған тас салып алған едім, айналдырып тұрып әлгімен офицерді ұрдым, желкесінен оңбай тиді. Ұстамақ болғандарды итеріп, алды артыма қарамай қаштым, әйтеуір құтылып кеттім», дейді автор.

Таң қараңғысында арнайы көліктермен алаңға жәшік-жәшік арақ әкелуді    ұйымдастырған кімдер? Ол кезде қәзіргідей қаптаған сауда орны жоқ, Алматыда арақ сатылатын 4-5 гастроном бар, ішімдік шығаратын бір зауыт болған шығар, барлық өнім қатаң есепте. Демек алаңға шыққан жастарды «жарылқаушылар», дұрысын айтсақ арандатушылар, биліктегі құзыретті адамдар. Солардың нұсқауымен арақ зауыттан немесе сауда жүйесінің қоймасынан әкелінуі мүмкін. 60-80 жылдары республика тұтынушыларын біріктіретін, қала мен аудандарды былай қойғанда, әр елді мекенде бөлімшелері мен сауда қоймалары бар «Казпотребсоюз» деген мекеме болған. Көпжылдар бойы оны Өмірзақ Сәрсенов басқарған, жаппай жекешелендіру кезінде қоғамдық мекеменің жылжитын және жылжымайтын мүліктерін, Алатау бөктеріндегі (Қарғалы маңы) 20 гектардан аса шұрайлы жерді, салынып жатқан санаторий ғимаратымен қоса меншігіне айналдырған. Сол жылдары осы ауданда бір сотка (100 шаршы) метр жердің құны бірнеше мың доллар болған. 90-жылдары Ө. Сәрсенов «Отан» партиясының бюро мүшесі ретінде саясатпен белсенді айналысады, «Халық кооперациясы»  партиясын құрмақ болған. Кезінде әкесі жымқырған «Казпотребсоюз» байлығының арқасында қазір екі баласы Қазастан миллионерлерінің тізімінде. Шашылған есірткеге келсек, әрине бұл тікелей Ұлттық қауіпсіздік қомитетінің (КГБ) жұмысы. Оны 1983-1985 жылдары З. Камалиденов, 1985 жылдан Мәскеуден шақырылған Владимир Мирошник деген басқарған.

Желтоқсан оқиғасы кезінде ұлтаралық қатынасқа сызат түсіп, неше түрлі әңгімелер болғаны рас. 19 желтоқсанда қаладан автобуспен келе жатқан едім, аялдамадан түсісімен екі әріптесім: бірі ұзынтұра орыс, екіншісі  аласа бойлы грек жігіті, «Штепсел» мен «Тарапунка» деуші едік, бізден озып, әңгімелесіп келе жатты. Брежнев алаңындағы оқиға жайлы: «Иттерге сабақ болды, енлі көттерін қысып жүретін шығар» деп жастарды мазақ етіп барады. Артынан қуып жетіп: «Не сандырақтап келесіңдер, жастардың ешқандай кінәсі жоқ, әрекеті дұрыс, көріп тұр. уақыт өте бұл оқиға оң бағасын алатын болады» дедім.  

Енді желтоқсан оқиғасы жайлы Д. А. Қонаевтың: «О моем времени» деп аталатын (Алматы, 1992, «Дәуір» баспасы) кітабынан үзінді келтірейін. 16 декабря 1986 года состоялся пленум ЦК КПК , где секретарь ЦК КПСС огласил о моем уходе  на пенсию. Первым секретарем ЦК КПК избрали Колбина. 17 декабря около 11 часов утра мне позвонил второй секретарь ЦК КПК  О. С. Мирошхин и попросил приехать в ЦК. На мой вопрос; «Чем вызвано, ведь я на пенсии он ответил: «На площади собралась группа молодежи. Они требуют разъяснить  решение прошедшего вчера Пленума ЦК. Было бы хорошо Вам выступить перед собравшими и разъяснить суть дела». Он передал трубку Колбину. Тот попросил приехать в ЦК и высупить перед молодежью. Я согласился и приехал, зашел в кабинет первого секретаря, где были в сборе все члены бюро. Просидел два часа. Он переговорил с Москвой  и обращаясь ко мне сказал, Вы свободны. Отдыхайте, мы сами примем меры и наведем порядок. Колбин предложил выступить перед молодежью Назарбаева и Камалиденова. Перед уходом спросил Мирошхина, зачем меня вызвали и не дали выступить. Он ответил: посоветовались члены бюро и решили. что Вам на площади выступать не надо. Когда возвратился домой мне позвонил М.С. Горбачев.Он спросил: «Чем объяснить такой выход молодежи»? Я ответил:  «Сейчась собралось руководство республик и они совещаются. Он сказал, хорошо разберемся и примем меры, наведем порядок». Никто из руководителей республик и не разяснили молодежи сути Пленума. Вместо этого они поставили под ружье милицию и войска, жестоко расправились с собравшмимися. Кейін Димаш Ахметұлы алаңға жиналған жастардың алдында сөйлеуден бас тартты деген өсек таратылды.

Желтоқсан оқиғасы жайлы «Abai.kz» порталында (16.12. 2019) «Аллажар» фильмін түсірген белгілі кинорежиссер Қалдыбек Әбенов былай деп  жазыпты. 17 желтоқсанда Фурманов көшесінің бойымен топтасқан жастар алаңға қарай бара жатқанын көріп, оларға ілесіп мен де бардым, бәрі тыныш еді. Сол күні Мәскеуге ұшатындықтан түстен кейін кетіп қалдым. Қонақүйде кешкі жаңалықтардан: «Алматыда маскүнемдер мен басбұзар жастар алаңға шығып бұзақылық жасапты деген» хабар таратылып жатқанын естідім. 

Брежнев алаңында жантүршігерлік қайғылы оқиға екінші күні кешке қарай орын алды. Ереуілге шыққандарды тарату үшін «Метель» деп аталған операция ұйымдастырылды. Ұшақпен Новосібір және басқа қалалардан құрамында орыстармен қатар, кавказ және т.б. ұлт өкілдері бар мұздай қаруланған әскерлер, және жергілікті милиция алаңға жиналған мыңдаған  жастарды қоршап алды. Оларды тарату үшін желтоқсанның аязына қарамастан автокөліктерден мұздай су бүркіліп, күш қолданыла бастады. Шамамен екі жарым мыңға жуық адам ішкі істер бөліміне жеткізіліп, немесе ұрып соғып, арнайы көліктерге тиеп қаланың сыртына айдалаға апарып тасталды. Қақтығыс кезінде Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджанова, К. Молданазарова,  М. Әбдіқұлов, Л. Асанова сияқты қыршын жастар мерт болып, тәуелсіздік таңы атқанын көрмей кетті. Кейін желтоқсан оқиғасына қатысқандарға қаншама қысым жасалып, қаракүйе жағылды, қуғын сүргінге ұшырады, жоғарғы және арнайы оқу орындарынан шығарылды. Ереуілге белсенді қатысқан 99 адам әкімшілік қылмыстық жазаға тартылды. Қайрат Рысқұлбеков, Самат Қонысбеков, Жансая Сәбитованың жасаған ерліктері жастарға өнеге болып ұмытылмас.  

Қазақстан КП ОК-нің Г. Колбин бастаған. М. Меңдібаев және т.б. бюро мүшелері қоштаған белсенділер үгіт насихат жұмыстарына кірісті. Еліміздің  кейбір атақты зиялылары жастарды нашақор мен маскүнемдер, қазақ халқын масқара етті деп жазғырды. Студенттер арасында тәлім тәрбие жұмыстары қанағатсыз жұргізілген деп Қаз МУ-нің ректоры Ө. А. Жолдасбековке, Халық шаруашылығы институтының ректоры Н. Мамыровқа. Қазақ политехникалық институты, Физкультура мен спорт және т.б. жоғарғы оқу орындарының басшыларына партиялық сөгіс жарияланды. Кейінірек ұлтжанды көрнекті ғалым, дарынды ұйымдастырушы Өмірбек Арсланұлы қызметінен босатылды. Сабыр Қасымов: «дегенмен де небір азаматтар қасқайып, жүйеге қарсылығын білдірді. Қазақ КСР Жоғарғы кеңес президумының қызметкері Бейбіт Қойшыбаев, Ирек Дәуренов, Софа Сматаев  және басқа зиялылар жалпы ұлттық қарсылыққа өз үндерін қосты деп жазыпты. «Мен қазақпын деп ұран тастап, жыр жазған Жұбан Молдағалиев Г. Колбиннің Қазақстан жазушылар Одағында өткізген жиылысында : «Сары аяз бен көк мұзда өз ұлтының тапталған ар намысын қорғауға шыққан ұл қыздарын жанашырлық білдіріп: «Мынандай сұмдықты көргенше кешегі қырғын соғыста (Екінші дүниежүзілік соғыс, М.Қ). неге өліп кетпедім - деп наразылығын ашық білдіріпті.

Сабыр Қасымов өз мақаласында 1986  жылғы желтоқсан көтерілісін басып жаншуда З. Камалиденов пен М. Меңдібаевтың атқарған рөлін нақты көрсетіпті. Автор18 желтоқсанда СОКП Орталық комитетінінің хатшысы М.С. Соломенцев өткізген партия жиылысында З. Камалиденов көтерілісшілерді аяусыз басып, оған қатысушыларды жазалауға шақырғанын, М. Меңдібаевтың басшылығымен Алматының зауыттары мен фабрикаларында істейтін жасақшылар арматурадан жасалған темір сойылмен қаруландырылып, бейбіт шеруге шыққандарды соққыға жықты»- деп жазыпты. 1985 жылы ҰҚК-нің (КГБ) төрағасы қызметіне Мәскеуден  келген Мирошник тағайындалған еді, ол жайлы да ештеме айтылмаған. 17 желтоқсанда темір сойылдармен қаруландырылған жасақшылар ереуілшілерге қарсы жіберілгенін нақты білмеймін. Желтоқсан оқиғасы кезінде арандатушылар мен бұзақыларға қарсы сақтық шараларын күшейту мақсатында әлеуметтік мекемелер мен қоғамдық орындарда жасақшылар ұйымдастырылғаны рас. Жұбайым қаланың орталығындағы жинақ банкінің меңгерушісі қызметін атқаратын, екі тәулік бойы жұмыс орнында болып, сонда қонып жүрді. Мен жұмыс істейтін ғылыми зерттеу институты қала сыртында еді. 17 желтоқсанда түске қарай Қарғалы кооптехникумының жүзден аса студенттері орталық алаңға топтасып бара жатыр, соларды тоқтатып кейін қайтарыңдар деген нұсқау болды. Оншақты жасақшылар мен үш төрт милиция қызметкерлері алдарынан шығып, ақылымызды айтып алаңға дейін ара қашықтық он шақырымнан асатынын, жол жөнекей бірдеңеге ұрынып қалулары мүмкін екенін түсіндіріп, студентерді жатақханаларына қайтардық. 

Не себепті желтоқсан қозғалысына саяси баға беріліп, оны басып жаншығандар жазаға тартылмады?

Желтоқсан оқиғасы жайлы 2018 жылы «Қазақ үні» порталында белгілі ақын қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов былай деп жазыпты. Мен Мәскеуде СОКП -ның 28 Съезінде (1990), Арал мәселесін айтам деп М. С. Горбачевті алдап, Желтоқсан шындығын әлемге жайып салдым. Кейінірек Ресейдің тұңғыш Президенті Борис Ельцин түгелдей мені жақтап, одан қаймыққан Горбачев комиссияның тең төрағасы ретінде мені бекітті, оқиғаға кінәлі адамдардың аты жөнін тізіп бердім. Біз ашқан шындықты жоққа шығару мақсатында КСРО-ның қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, прокуратурасы бірігіп, арнайы комиссия құрды. Желтоқсан коммиссиясының төрағасы болып бекітілген Қадыр Мырзалиев: «Алаңға шыққандардың бәрі нашақорлар мен маскүнемдер еді»- деген колбиншілердің пікірін қуаттады. Оны КСРО бас прокуратурасының орынбасары С. Қасымовтың маған жазған хатынан білуге болады

Желтоқсан оқиғасы жайлы Д.А. Қонаетың: «О моем времени» кітабынан қысқа үзінді келтіре кетейін  В декабре 1990 года ЦК КПСС  под давлением общественности признал свою ошибку, с целого народа было снято несправедливое обвинение. Авторитетная комисия под руководством народного депутата СССР  М. Шаханова пришла совершенно к противополжному выводу: что выступление казахстанской молодежи не было националистическим, это было их право на свободное выражение  гражданской политической позиции. Комиссия поименно назвала виновников применение силы для разгона, избиение и ареста сотен и тысяч молодых людей. Она пришла к выводу: признать невозможным оставлятьна занимаемых должностях этих скопрометировавших себя людей. Но до логического конца это требование не было доведено. В Казахстане не было никакого национализма и базы для его возникновение, политические оценки были ошибочные. 

Енді Желтоқсан комиссияның жұмысы немен біткені жайлы «Общественная позиция» газетінде (15.02. 2018 г.) 1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Конститутциялық сотының хатшысы қызметін атқарған А. Нурмагамбетовтың: «Конститутционный суд почему не рассмотрел дело по декабрским  событиям» деген мақаласынан үзінді кетірейін. Подготовка дела для рассмотрения  была поручена судье С. Касымову. Несколько позднее, с учетом предстоящего объема процессуальных действий к работе был подключен судья  Г. Ким. Судьи докладчики направлялись в служебную командировку в столицу Российской Федерации для сбора материалов и опроса бывших партийных, советских и правоохранительных органов, проживающих в Москве, имеющих отношение к декабрским  (1986) событиям, включая бывшего секретаря ЦК КПК Г. Колбина. Подготовка к судебному разбирательству заняло значительно больше времени, но вместе с тем все шло к объявлению начала судебного разбирательства.Ситуация в корне изменилась, когда весной 1993 года  Верховным Советом РК Х11 созыва были вынесены изменения и дополнения в вышеперечисленные законы, существенно урезавшие полномочия Коституционного суда. В частности КС лишился права не только возбуждать судопроизводство по собственной инициативе, но и права по собственной инициативе  расширять предмет иска. Автор свою статью заканчивает так:  «Трагические события 1986 года всегда будут незаживающей раной в сознании нашего народа»  

Сонымен 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі өзінің саяси бағасын толықтай ала алмай, біраз мәселелер ашық айтылмай отыр. Сабыр Қасымовқа Үкімет Үйінде де:«Ешкімге ешбір жағдайда тісімнен шығармайтыным жөнінде ант алғаннан кейін ғана Қонаевтың қызметінен алынып орнына Ульянов обкомының Бірінші хатшысы Г. Колбин сайланатынын»- алдын ала айтқан кім? Оған 16-17 желтоқсанда ҚКП ОК саяси штабында көтерілісті басу мақсатында қандай шешімдер қабылданып, қандай бұйрықтар беріліп жатқаны жайлы» ақпарат беріп отырған кім? 

2009 жылы ғаламторда Мұхтар Шаханов, Дос Көшім мен Жасарал Қуанышәлі: «Билік ауысып, жендеттер жазаланбай 1986 жылғы желтоқсан ақиқаты ашылмайды» деген тақырып бойынша сұхбаты жарияланыпты. Содан бері он жыл өтсе де «жабулы қазан жабулы» қалып отыр. Жақында белгілі ақынымыз «Abai.kz» порталында жарияған өлең жолдарына назар аударайық:

Сәл аялда, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер,
Алаң бетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін сезіміңді жанар етіп қарап өт,
Сол арада сатқындықтың елестейді қара бет,
Қара беттің бүгін көбі дара тұлға қара бет.

1991 жылы 8 желтоқсанда Белорустың Беловежье орманында үш елдің Ресей Федерациясының басшысы Борис Ельцин, Украинаның - Леонид Кравчук, Белорустың - Станислав Шушкевич кездесіп, олар егемен ел болғанын, тәуелсіз мемлекет одағын (СНГ ТМД ) құратынын жариялады. Сол күні Борис Ельцин АҚШ тың Президенті Бушқа қоңырау шалып, Кеңес одағы тарағанын, енді ондай алып держава жоқ екенін мәлімдеді. Кеңес Одағының қүрамында болған республикалардың ішінде ең соңғысы болып, Қазақстан егемендігін 1991 жылы 10 желтоқсанда жариялады. Сондықтан осы күн тәуелсіздік күні болғаны дұрыс. 17 желтоқсан тәуелсіздік мейрамы емес, желтоқсан құрбандарын еске алатын қаралы күн болғаны дұрыс.    

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қарсаңында Үкімет басшылығына үміткерлерге келсек, 1986 -1988 жж Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы  қызметін атқарған З. Камалиденов 1988 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметіне сайланып, сол жылы 52 жасында зейнетке шығыпты. 1985 жылдан Қазақстан компартиясының хатшысы қызметін атқарған М.С. Меңдібаев 1988-1991 жж аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің  төрағасының орынбасары болып, саясаттағы мансабы сонымен аяқталған көрінеді. Көшетау, Торғай және Қызылорда облыстарында көп жылдар Бірінші хатшы болып істеген, 1988-1990 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің  Ұлттар мәселесі жөнінде Комиссия төрағасының орынбасары Н. Әуелбеков, 1991-1992 жж Президенттің қеңесшісі болыпты. 

Мұрат Қойшыбаев,

Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы. профессор  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Abai.kz

19 пікір